2022 жылмен салыстырғанда отандық тауар өндірушілерді қолдау көлемі 7 есе өсті – Нұрлан Жақыпов
1276
03 Маусым 2025
«2024 жылы «Самұрық-Қазына» қоры Топтың сатып алу жүйесі арқылы отандық тауар өндірушілерді (ОТӨ) қолдау көлемін арттырды», - деді Қор басшысы Нұрлан Жақыпов Үкімет отырысында.
Қол қойылған шарттардың көлемі 1,1 трлн теңгеден асты, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 7 есе көп. Оның шамамен жартысы, яғни 494 млрд теңгесі ұзақмерзімді шарттарға тиесілі (2023 жылғы көрсеткіштен 76%-ға артық).
«2025 жылы 25%-ға өсім жоспарланып отыр. Биыл қаңтар–мамыр аралығында, жұмыстар аясында сатып алынған тауарды ескере отырып, ОТӨ-мен 433,3 млрд теңгеге келісімшарттар жасалды», — деді Жақыпов.
{{ $t('messages.news1') }}
«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АҚ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘЛІМДЕМЕСІ
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов инвестициялық жобалардың белгіленген мерзімде іске асыр...
{{ $t('messages.news1') }}
Премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңес...
{{ $t('messages.news1') }}
AZCON Holding ірі активтерді басқару бойынша «Самұрық-Қазына» тәжірибе...