«Самұрық-Қазынада» өткен стратегиялық сессияда энергетикалық қауіпсіздік сценарийлері қаралды
98
23 Мамыр 2025
Астанада «Самұрық-Қазына» АҚ ұйымдастыруымен «2025 жылғы энергетикалық қауіпсіздік сценарийлері: Энергетика және жасанды интеллект» тақырыбында стратегиялық сессия өтті.
Шараның негізгі серіктесі ретінде қатысқан Shell халықаралық энергетикалық компаниясы жасанды интеллектіні қолданудың артуы аясындағы энергетикалық қауіпсіздікке қатысты өзекті сценарийлерді ұсынды.
Shell компаниясының аға вице-президенті, Қазақстандағы концерннің төрағасы Әли Әл-Жанаби өз сөзінде 2025 жылғы сценарийді әзірлеуде геосаяси жағдайдың тұрақсыздығы, сенімді әрі қолжетімді энергияға сұраныстың артуы, климаттың өзгеруі бойынша мәселелер, сондай-ақ технологиялардың жылдам дамуы сияқты мәселелер түрткі болғанын атап өтті.
Барлық сценарийлер терең аналитикалық негізде әзірленіп, жан-жақты ішкі және сыртқы сараптамадан өтеді.
Стратегиялық сессияға «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов және Қордың портфельдік компанияларының басшылығы қатысты.
«Біз Топ компанияларының жаһандық өзгерістерге тиімді бейімделіп қана қоймай, жасанды интеллект сияқты жаңа технологиялық шешімдерді ескере отырып, тұрақты даму бағытын қалыптастыруларына ұмтыламыз», – деді Жақыпов.
Shell – Қордың мұнай-газ саласындағы стратегиялық серіктестерінің бірі. Компания «Самұрық-Қазынаның» портфельдік компаниясы – «ҚазМұнайГазбен» Солтүстік Каспий, Қарашығанақ, Каспий құбыр консорциумы, геологиялық барлау жобалары бойынша серіктестік орнатқан. Бұдан бөлек, тараптар әлеуметтік бастамаларды да бірлесе іске асырып жатыр.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Францияның Alstom машина құрас...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен Венгриялық MOL компаниясының өкілдері мұнай-газ с...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Венгрияның мемлекеттік ұйымы —...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ мен Shell компаниясы ынтымақтастықтың басым бағытт...