Абу-Даби Тақ мұрагерінің Қазақстанға сапары аясында Ақордада «Самұрық-Қазына» АҚ бірқатар құжатқа қол қойды
825
12 Мамыр 2025
Біріншіден, «Самұрық-Қазына» мен AIQ Қазақстанның мұнай-газ саласын цифрлық трансформациялау жөнінде келісімге келді.
Стратегиялық серіктестік аясында «Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Нұрлан Жақыпов пен AIQ компаниясының Директорлар кеңесінің төрағасы Сұлтан әл-Джабер Қазақстанның мұнай-газ секторын цифрландыру саласында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Құжат жасанды интеллект, активтерді цифрландыру және автономды операциялар саласында үздік тәжірибе мен технологияларды алмасуды көздейді. Тараптар еліміздің мұнай-газ саласын цифрлық трансформациялау және оның тиімділігін арттыру мүмкіндіктерін бірлесіп іздеуге уағдаласты.
Нұрлан Жақыпов пен «Abu Dhabi Commercial Bank» аға банкирі, ADCB Islamic (Қазақстан) еншілес компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Фарух Абдулрахман әл-Марзуки өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Меморандум қор мен ADCB арасындағы мұнай-химия, көлік-логистика және басқа да салалардағы жобаларды қаржыландыру бойынша ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындайды.
Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» мен Masdar арасында Қазақстан Республикасында қуаты 500 МВт-қа дейін, тәулік бойы үздіксіз энергиямен қамтамасыз ету жобаларын және қуаты 2000 МВт-қа дейін энергия сақтау жүйесін әзірлеу жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Еншілес компаниялар энергетика, цифрлық және көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған келісімге қол қойды:
QazaqGaz бен AIQ компаниясы арасында AIQ технологиялары негізінде цифрлық шешімдерді әзірлеу жөніндегі стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім;
«КМГ Инжиниринг» пен AIQ арасында мұнай-газ саласын цифрландыру саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім;
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов PowerChina директорлар кеңесінің басшысымен кездесті
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Export-Import Bank of China тө...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы CWE басшылығымен кездесті
{{ $t('messages.news1') }}
«Орталық Азия – Қытай» форумы аясында келесі құжаттармен алмасу рәсімі...