Тарихи келісім: «Самұрық-Қазына» АҚ Qazaq Air акцияларын стратегиялық инвесторға табыстауды сәтті аяқтады
92
06 Мамыр 2025
«Самұрық-Қазына» АҚ Qazaq Air әуе компаниясының акциялар пакетін стратегиялық инвесторлар консорциумына табыстау жөніндегі келісімді сәтті аяқтады. Консорциум құрамына Central Asia Aviation Holdings Limited (Aviation Holdings Group құрамына кіреді) және Kazasia Holdings Limited кірді.
Акцияларды ресми табыстау рәсімі Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламның Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында өтті.
Сондай-ақ, Қазақстан мен Вьетнам арасындағы дөңгелек үстел барысында Vietjet Air мен Qazaq Air стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойып, Qazaq Air базасында жаңа — Vietjet Qazaqstan әуе компаниясы құрылды.
Бұл ретте Sovico Group пен Vietjet Air өздерінің мол тәжірибесі мен құзыретін пайдалана отырып, Vietjet Qazaqstan компаниясының басқару және операциялық қызметіне қатысатын болады.
«Аймақтық маршруттық желіні кеңейту көлік байланысын нығайтып, экономикалық өсудің жаңа нүктелерін құруға мүмкіндік береді», — деді «Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Нұрлан Жақыпов.
Vietjet Qazaqstan кем дегенде 20 Boeing 737 ұшағынан тұратын әуе паркін басқарады. Іс-шара барысында Qazaq Air мен Boeing болашақ әуе паркін қолдау үшін, клиенттерге қызмет көрсетудің жалпы шарттары туралы келісімге (Customer Services General Terms Agreement) қол қойды.
Boeing тарапынан ұшақтарға бағдарламалық шешімдер, қосалқы бөлшектер жеткізу, техникалық көмек, ұшқыштар мен инженерлерге арналған оқыту бағдарламалары сынды кешенді қолдау көрсетіледі.
{{ $t('messages.news1') }}
Астанада Қазақстан мен Вьетнам іскер топтарының қатысуымен дөңгелек үс...
{{ $t('messages.news1') }}
Ақтауда жаңғыртылған «Caspi Bitum» зауыты ресми түрде іске қосылды
{{ $t('messages.news1') }}
Charity Samruk Marathon: Балаларға арналған инклюзия кабинеттеріне 200...
{{ $t('messages.news1') }}
Екібастұз ЖЭО: 2024–2025 жылу беру маусымының нәтижелері мен тиімділік...