Ақтауда жаңғыртылған «Caspi Bitum» зауыты ресми түрде іске қосылды
1638
05 Мамыр 2025
Бүгін ауқымды жаңғыртудан өткен «СП Caspi Bitum» ЖШС битум зауытының салтанатты іске қосылу рәсімі өтті.
Жаңғырту нәтижесінде зауыттың мұнай өңдеу бойынша жылдық қуаты 1 млн тоннадан 1,5 млн тоннаға дейін, ал битум өндіру көлемі 500 мың тоннадан 750 мың тоннаға дейін ұлғайтылды.
Жобадағы ең маңызды әрі техникалық тұрғыдан күрделі операциялардың бірі – салмағы 140 тоннаны құрайтын, биіктігі шамамен 40 метр болатын жаңа вакуумдық колоннаның орнатылуы болды.
Жаңартылған зауыт отандық нарықты сапалы битуммен тұрақты түрде қамтамасыз ете алады және ішкі сұранысты толықтай жауып, импортқа тәуелділікті азайтады.
Ақтау битум зауытын жаңғырту жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылды. Бас мердігер — CITIC Construction компаниясы.

{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен Oman Investment Authority Инвестициялық серіктест...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Oman Investment Authority през...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» және Societe Generale басшылары серіктестікті кеңейту...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен Erdenes Mongol басшылары ықтимал серіктестікті та...