Екібастұз ЖЭО: 2024–2025 жылу беру маусымының нәтижелері мен тиімділікті арттыру
1374
30 Сәуір 2025
Екібастұз ЖЭО 2024–2025 жж. жылыту маусымын сәтті өткізді. Осылайша, жабдықтардың жұмысы сенімді болып, жылу үздіксіз қамтамасыз етілді. Жүргізілген оңтайландыру мен жөндеу жұмыстарының арқасында отын шығыны едәуір азайды: мазутты тұтыну көлемі 3,5 есеге — 3284-тен 949 тоннаға дейін төмендеді.
Қысқа мерзімде 10 қазандық агрегаттары, турбоагрегат, күл шығару құрылымы мен басқа да инфрақұрылымға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде жабдықтардың тозу көрсеткіші 3,7%-ға төмендетеп, технологиялық ақаулар 90%-ға (191-ден 18-ге) азайды. Барлық маусым бойы жылумен қамтамасыз етудің сенімділігіне әсер ететін бірде-бір оқиға тіркелмеді.
2024 жылдың маусымынан бастап станцияны «Самұрық-Энерго» АҚ басқарады. Бүгінде келесі маусымға дайындық басталды — алда тағы 11 жөндеу жұмыстары және жаңартулар бар.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы China Harbour Engineering Compan...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы CWE басшылығымен кездесті
{{ $t('messages.news1') }}
«Орталық Азия – Қытай» форумы аясында келесі құжаттармен алмасу рәсімі...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен CNPC басшылығы бірлескен жобалардың ағымдағы жағд...