«Самұрық-Қазынада» еңбек қауіпсіздігі - басты бағыттардың бірі
1498
28 Сәуір 2025
Соңғы 7 жылда компаниялар тобында жарақат саны 43%-ға азайды. Мақсат – өндірістегі жарақатқа мүлдем жол бермеу.
«Самұрық-Қазына» тобында 255 мың адам жұмыс істейді, оның ішінде жұмысшы мамандар - 190 мыңды құрайды.
Қор Жұмысшы мамандықтары жылы аясында адами капиталды дамыту, жұмысшы мамандықтарын қолдау және жас мамандарды даярлау бойынша кешенді шараларды жүзеге асыруда.
«Биыл 4200-ден астам қызметкер «Бастау», «Өрлеу», «Көшбасшылар мектебі», «7 Qadam PRO/Мастер» бағдарламалары бойынша кәсіби біліктілігін арттырады. Шамамен 50 түлек жоғары білім алып, жұмысқа тұрды. Қазірдің өзінде Қор кәсіпорындарында 880-ден астам студент тәжірибеден өтуде», - деді «Қауіпсіз еңбек: жаңа сын-қатерлер мен цифрлық шешімдер» форумында «Самұрық-Қазына» басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов.
Айта кетерлігі, «Қазатомпром» мамандары AtomSkills-2025 халықаралық чемпионатында 7 медаль жеңіп алды.
28 сәуір күні Дүниежүзілік еңбек қауіпсіздігі күні атап өтіледі.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Huawei Technologies Kazakhstan...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазынадағы» «HR-бренд 2025»: байқау жеңімпаздары анықталды
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов «Алматы халықаралық әуежайы» А...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобы мен түркиялық серіктестер арасында үш жаңа келіс...