«Самұрық-Қазына» 15-ші инклюзия кабинетін ашты
1442
17 Наурыз 2025
Астанада ерекше балаларға арналған жаңа инклюзия кабинеті ашылды.
Қазіргі уақытта мұндай кабинеттердің 11-і елордада, ал 4-і Ақмола облысында жұмыс істеп тұр.
Бұл жоба ерекше қажеттіліктері бар балаларға білім алып, дамуға мүмкіндік береді. Бастаманың арқасында елордада 500-ден астам бала (осындай оқуға мұқтаж балалардың шамамен 16%-ы) инклюзивті білім алуда.
Былтыр Топтың қайырымдылық марафонында жиналған қаражат сыныптарды жабдықтауға жұмсалды. 2025 жылы 3 мамырда кезекті марафон өтеді және жиналған қаражат жаңа кабинеттерді ашуға жұмсалады.
Бұған дейін «Самұрық-Қазына» басшысы Қордың Қоғамдық кеңесінің отырысында Топтың инклюзияны қолдау бойынша жұмыстарды нығайтуға және 15-ші кабинетті ашуға ниетті екенін айтқан еді.
Сондай-ақ, Қордың корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі аясында мүгедектігі бар адамдарды еншілес компаниялар мен өңірлік бөлімшелерге жұмысқа орналастыру жұмыстары жүргізілуде.

{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов БАӘ Инвестициялар министрінің ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов АҚШ Президентінің Оңтүстік жән...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобының жұмысшылары мемлекеттік наградалармен марапат...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов China Energy International Gro...