Шағын және орта бизнес өкілдері Skstore.kz платформасында өз қызметтерін сата алады
2148
11 Наурыз 2025
Samruk Kazyna Store электронды дүкенінде енді тек тауарларды ғана емес, қызметтерді де сатып алу және сату мүмкіндігі пайда болды.
Платформадағы қызмет түрлері:
• Құжат айналымы және іс жүргізу қызметтері
• Маркетингтік және жарнамалық қызметтер
• Автосервис қызметтері
• Полиграфиялық және баспа қызметтері
• Білім беру қызметтері
• Тұрмыстық қызметтер
Skstore.kz – бұл қазақстандық кәсіпкерлерге «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары үшін тауарлар мен қызметтерді сатуға мүмкіндік беретін автоматтандырылған электрондық сауда алаңы.
Платформада шамамен 13 мыңдай шағын және орта бизнес өкілі жеткізуші ретінде тіркелген. Олар сатып алуларға белсенді қатысады.
Электронды дүкендегі жеткізушілердің 95%-ы шағын және орта бизнес өкілдері, олардың 60%-ы – жеке кәсіпкерлер.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов MOL Group компани...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазынада» Қытайдың Атом энергиясы агенттігінің (China Atomic ...
{{ $t('messages.news1') }}
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі компания қызметінің нәтижелері мен инвес...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов China International Capital Co...