«Самұрық-Қазынаның» сатып алу жүйесі отандық теміржол көлігін құрастыру саласын қолдауға мүмкіндік береді
1980
06 Қаңтар 2025
Мемлекет басшысы теміржол көлігін құрастыру көрмесі өткен «Электровоз құрастыру зауытына» барды. Көрмеде саланың жетекші кәсіпорындары таныстырылды.
ЭҚЗ (құрылтайшысы – Alstom) KZ8A, AZ8A сериялы жүк тасымалдайтын магистральді электровоздарын және KZ4AT жолаушылар электровозын шығарады.
Зауыт өнімдерінің негізгі тапсырыс берушісі және тұтынушысы – «Самұрық-Қазынаның» портфельдік компаниясы «Қазақстан темір жолы». ҚТЖ қордың сатып алу жүйесі арқасында зауытпен ұзақ мерзімді офтейк-келісімшарттар жасаса алады.
Осылайша, қазақстандық өндірушілерге өнімдерінің кепілді көлемін өткізу мүмкіндігі қамтамасыз етілген.
ЭҚЗ-дағы жергіліктендіру үлесі жобаның басында ≈10%-дан 35%-ға дейін өсті. Болашақта бұл көрсеткішті одан әрі арттыру жоспарланып отыр.
Фото: Ақорда баспасөз қызметі
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Гонконг арнайы әкімшілік ауданы Үкіметінің қаржы хатшыс...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов E Fund Management компаниясының жаһандық акциялар бойын...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов MTR Corporation компаниясының бас атқарушы директоры Дж...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Гонконгта Hong Kong Exchanges and Clearing (HKEX) бас д...