Францияда «Самұрық-Қазына» мен Societe Generale арасындағы серіктестік туралы келісімге қол қойылды
2155
06 Қараша 2024
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 4-5 қарашада Францияға ресми сапары кезінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ мен Societe Generale қаржы конгломераты арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы серіктестік келісімге компания басшылары қол қойды.
Сондай-ақ Қазақстан темір жолы мен Alstom Transport арасында 6 осьті электровоздар бойынша стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды
Мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эммануэль Макронның қатысуымен 5 қарашада «Самұрық-Қазына» және ҚТЖ келісімдерін қоса алғанда, барлығы бес құжатқа қол қойылды.
Бір күн бұрын Қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов француз компаниялары топ-менеджментімен кездесті.
Ағымдағы жобалар бойынша статусты «Самұрық-Қазына» басшысы Orano S. A. франция атом өнеркәсібінің көшбасшысымен талқылады. Француз компаниясы Қазатомөнеркәсіппен уранды бірлесіп өндіру және қайта өңдеу, сондай-ақ ғылыми-техникалық қызмет мәселелері бойынша ынтымақтасады.
Сондай-ақ Нұрлан Жақыпов Societe Generale француз конгломератының топ-менеджері Илья Поляковпен кездесті. Тараптар ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Қазақстан-француз іскерлік кеңесі шеңберінде «Самұрық-Қазынамен» ынтымақтастықтың артықшылықтары туралы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Салтанат Сәтжан айтып берді.
«Самұрық-Қазына» Франциядағы Total Energies, Orano S. A., Societe Generale, EDF сияқты ірі компаниялардың серіктесі.
Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» қазақстан-француз іскерлік кеңесінде бес құжатқа қол қойылды, атап айтқанда:
• ҚТЖ және Societe Generale. Alstom электровоздарын сатып алуды қаржыландырудың негізгі шарттары туралы келісім.
• ҚТЖ-Жүк тасымалы және «ЭҚЗ» ЖШС Alstom-мен. Alstom Қазақстанға 2028 жылға дейін 117 локомотив жеткізетін қосымша келісім.
• KEGOC және ASSYSTEM. Қазақстанның ұлттық электр желісінің орнықтылығы мен тиімділігін арттыруда ынтымақтастық және жәрдем көрсету.
• ҚазМұнайГаз және Axens. ҚР-да SAF өндірісі бойынша жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін зерделеу.
• Қазатомөнеркәсіп және Orano S. A. Қазатомөнеркәсіп пен Orano S. A арасындағы білім беру саласындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум.
{{ $t('messages.news1') }}
Екібастұз ЖЭО: 2024–2025 жылу беру маусымының нәтижелері мен тиімділік...
{{ $t('messages.news1') }}
Kazakhstan Finance Day: Нью-Йоркте Қазақстанға инвестиция тарту мәселе...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазынада» еңбек қауіпсіздігі - басты бағыттардың бірі
{{ $t('messages.news1') }}
Жасанды интеллект көмегімен мұнайды қалай өндіреді