«Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен Атырау облысында оңалту орталығы ашылды
1836
19 Тамыз 2024
Орталық Құлсары қаласында орналасқан және 150 орынға есептелген. Оған үш жастан алты жасқа дейінгі балалар қатысады.
Орталықтың ресми ашылу салтанатына «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов және Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мурзиев қатысты.

Нұрлан Жақыпов корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде Қор мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамдық өмірге толыққанды араласуы үшін барлық жағдайды жасауға тырысатынын атап өтті.
Орталық «Самұрық-Қазына» АҚ тобының атынан «Ембімұнайгаз» АҚ-ның қаржылық қолдауымен салынды. «Самұрық-Қазына» АҚ қатысуымен Қазақстанда 40 оңалту орталығы іске қосылды, онда 40 мыңнан астам бала көмек алды.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазынаға» 20 жыл: топ қызметкерлері 14 спорт түрі бойынша бақ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазынада» «ҚазМұнайГаздың» қызметінің негізгі бағыттары талқы...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Full Vision Capital компаниясы...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазынада» қызметкерлердің денсаулығын қорғаудың жаңа тәсілдер...