Астанада KazAtomExpo халықаралық ядролық технологиялар көрмесі өтті
2148
27 Тамыз 2024
Мұнда атом энергетикасы мен өнеркәсіп саласындағы ең заманауи технологиялар назарға ұсынылды.
Шарада «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Ернат Бердіғұлов құттықтау сөз сөйледі. Ядролық технологияларды дамыту Қазақстан экономикасына мультипликативті әсер етеді, деп атап өтті ол.
Бердіғұловтың айтуынша, Қазақстанда АЭС пайда болған кезде технологияларды трансферттеу, жаңа дағдыларды игеру және сапа стандарттарын жақсарту есебінен отандық өнеркәсіпті дамыту жаңа серпінге ие болады. Бұл ретте атом саласында да, өнеркәсіп, құрылыс және сервистік қызметтер секілді аралас салаларда да жоғары білікті мамандар үшін жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.

Көрме Қазақстанда АЭС салу туралы референдум қарсаңында ерекше маңызға ие болмақ. Қазақстандықтар ұсынылған экспонаттар арқылы жетекші халықаралық компаниялардың технологияларымен танысып қана қоймай, отандық атом саласының жетістіктері жайында да білетін болады.
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Гонконг арнайы әкімшілік ауданы Үкіметінің қаржы хатшыс...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов E Fund Management компаниясының жаһандық акциялар бойын...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов MTR Corporation компаниясының бас атқарушы директоры Дж...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Гонконгта Hong Kong Exchanges and Clearing (HKEX) бас д...