«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов «Exxon Mobil» компаниясының халықаралық ынтымақтастық жөніндегі аға кеңесшісі Элис Уэллспен кездесті.
1623
24 Шілде 2024
Тараптар қолданыстағы бірлескен жобалар бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Нұрлан Жақыпов, қордың портфельдік компаниясы «ҚазМұнайГаз» АҚ мен ExxonMobil арасындағы көпжылдық табысты ынтымақтастық екіжақты сыйластыққа және ортақ мақсаттарға қол жеткізуге негізделгенін, соның арқасында көптеген маңызды жобалар жүзеге асырылғанын атап өтті.
Exxon Mobil Corporation - американдық компания, әлемдегі ең ірі мұнай компанияларының бірі. Штаб-пәтері Ирвинг қаласында орналасқан. Мұнайдың негізгі қоры Азия мен АҚШ-та, ал табиғи газ қоры – АҚШ, Австралия, Азия және Еуропада. Компания өз қызметін Қазақстанда 1993 жылы бастады және мұнай жобаларындағы алғашқы ірі инвесторлардың бірі. Аталмыш компанияның «Теңізшевройл» ЖШС-де (Теңіз кен орны) қатысу үлесі – 25%, Қашаған кен орнын қамтитын Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы Келісім (СКӨБК) шеңберіндегі үлесі – 16,81%, сондай-ақ, Каспий құбыр консорциумындағы үлесі – 7,5%.
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Гонконг арнайы әкімшілік ауданы Үкіметінің қаржы хатшыс...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов E Fund Management компаниясының жаһандық акциялар бойын...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов MTR Corporation компаниясының бас атқарушы директоры Дж...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Гонконгта Hong Kong Exchanges and Clearing (HKEX) бас д...