«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов АҚШ Мемлекеттік департаментінің «Инфрақұрылымға жаһандық инвестициялар жөніндегі әріптестік» (PGI) бастамасының арнайы үйлестірушісі м.а. Хелайна Мацамен кездесті.
1027
18 Шілде 2024
Тараптар экономикалық дамуды жеделдету және энергетикалық қауіпсіздікті арттыру мақсатында инфрақұрылымға инвестиция жөніндегі әріптестік және олардың ауқымын кеңейту мүмкіндіктерін көздейтін қарым-қатынасты тереңдету мәселелерін талқылады.
Нұрлан Жақыпов қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына» инвестициялық портфелі жалпы сомасы 100 млрд АҚШ долларынан асатын 130-дан астам жобаны қамтитынын атап өтті.
Кездесу Хелайна Мацаның шілденің 16-18 күндері аралығындағы Қазақстанға сапары барысында өтті.
Айта кетейік, АҚШ-тың «Жаһандық инфрақұрылым бойынша серіктестері» (PGI) бағдарламасы дамушы елдердегі және кіріс деңгейі орташа елдердегі энергетика, цифрлық және ақпараттық технологиялар, гендерлік сапа және теңдік, сондай-ақ жаһандық денсаулық сақтау саласындағы негізгі инфрақұрылымдық жобаларды дамытуға жәрдемдеседі.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Export-Import Bank of China тө...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Huawei вице-президенті Сюэ Ман...
{{ $t('messages.news1') }}
Қор басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың халықаралық саудаға жәрдемдесу жөн...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов PowerChina директорлар кеңесінің басшысымен кездесті