«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Wabtec корпорациясының президенті, бас атқарушы директоры Рафаэль Сантанамен кездесті.
835
11 Шілде 2024
Тараптар Астанада Wabtec инженерлік орталығының ашылуы, сондай-ақ Қазақстанда өндірілген локомотивтерді ҚТЖ-ға жеткізу саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Нұрлан Жақыпов инвестордың назарын тепловоздар өндірісі мен оған қызмет көрсетуде қазақстандық үлесті ұлғайту, сондай-ақ локомотивтердің басқа елдерге экспортын дамыту маңыздылығына аударды.

Wabtec (Westinghouse Air Brake Technologies Corporation) – локомотивтер, сондай-ақ локомотивтерге, жолаушылар мен жүк көліктеріне арналған өнімдер шығаратын америкалық компания. Әлем бойынша көлік және логистика саласында көшбасшы компаниялардың бірі. «Локомотив құрастыру зауытына» иелік етеді.
Компаниямен серіктестік 27 жылдан астам уақыт бұрын ҚТЖ локомотивтерін жаңғыртудан басталған болатын. Ал биыл 11 шілдеде Астанада Wabtec кезекті инженерлік және технологиялық орталығы ашылды.
Орталық локомотивтерді бизнестің интеллектуалды технологияларымен біріктіруде шешуші рөл атқарады.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен Oman Investment Authority Инвестициялық серіктест...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Oman Investment Authority през...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» және Societe Generale басшылары серіктестікті кеңейту...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен Erdenes Mongol басшылары ықтимал серіктестікті та...