«QazaqGaz» АҚ еншілес кәсіпорны өңірлерді қалпына келтіруге 1 млрд теңге аударды
1283
13 Маусым 2024
«Самұрық-Қазына» қоры табиғи апаттың салдарын жоюға бағытталған шараларды қабылдауды жалғастыруда. Бұған дейін компаниялар тобының атынан өңірлерге қолдау үшін 22 млрд теңге, оның ішінде Атырау облысында ең көп зардап шеккен Құлсары қаласының инфрақұрылымын қалпына келтіруге 7 млрд теңге бөлінген болатын.
Қосымша қаражат қордың портфельдік компанияларының серіктестері мен еншілес кәсіпорындарынан түсуде. Бүгін «QazaqGaz» АҚ еншілес компаниясы – «Азиялық Газқұбыры» ЖШС бірыңғай қайырымдылық операторына «Samruk-Kazyna Trust» 1 млрд теңге бөлді. Қамқоршылық кеңестің шешіміне сәйкес, бұл қаражат зардап шеккен өңірлерде әлеуметтік жобаларды іске асыруға бағытталатын болады.
«Азиялық Газқұбыры» – Қазақстан мен Қытайдың бірлескен кәсіпорны. Компания ҚХР бағытында түрікмен және өзбек газының транзитін, қазақстандық газдың ҚХР-ға экспортын, сондай-ақ Қазақстанның оңтүстік өңірлерін газбен үздіксіз қамтамасыз етеді.
Осыған дейін «QazaqGaz» АҚ тағы бір еншілес кәсіпорны «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ 1 маусымда өткен ерекше балаларды қолдауға бағытталған «Charity Samruk Marathon 2024» қайырымдылық марафонына 9,2 млн теңге аударды. Қазіргі уақытта «Samruk-Kazyna Trust» қоры Қордың портфельдік кәсіпорындарының серіктестері мен еншілес ұйымдарынан 1,4 млрд теңге түсті.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Deutsche Bahn AG компаниясының...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Rhenus Group басқармасының арнайы уәкілетті өкілімен ке...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» және Қытай компаниялары қуаты 1 ГВт-қа дейін ЖЭС жоба...
{{ $t('messages.news1') }}
HackAlem AI: қатысушылар бес сағатта 1 500-ден астам AI-агент әзірлейд...