Қазақстан, Қытай және Ресей 2025 жылы Мәскеу облысында жаңа көлік-логистикалық хаб салады
1481
07 Маусым 2024
«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Мәскеу облысының губернаторы Андрей Воробьевпен және «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевпен «Селятино» станциясының аумағында көлік-логистикалық орталықты дамыту туралы келісімге қол қойды.
Аталмыш келісімге XXVII Санкт-Петербург Халықаралық экономикалық форумы аясында қол қойылды.
Мұндай маңызды жобаны салу - қазақстандық жүк жөнелтушілерді қоса алғанда, жүктерді ауыстырып тиеу және өңдеу жағынан бірқатар артықшылықтар әкеледі. Логистика және терминалдық қызмет бойынша көрсетілетін қызметтердің спектрі кеңейтіледі, жеткізу мерзімі қысқарады.

Орталықты құру жобасына қытайлық логистикалық Xian Free Trade Port Construction and Operation Co.,Ltd. компаниясы да қатысады. Ресей мен Қытай Қазақстанның, соның ішінде экспорт бойынша стратегиялық әріптестері саналады.
Негізгі логистикалық торап Сиандағы, Ресейдегі және басқа елдердегі қазақ-қытай терминалы арасындағы тікелей көлік қатынасын дамытуға мүмкіндік береді.
{{ $t('messages.news1') }}
Bolashaq Sarayi: «Самұрық-Қазына» тобы тағы бір ірі әлеуметтік нысанды...
{{ $t('messages.news1') }}
Қызылордада «Самұрық-Қазына» компаниялары тобы атынан Достық үйі ашылд...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобы 62 жасанды интеллект жобасын енгізуде, ЖИ-ді қол...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Алматыдағы ЖЭО-2 нысанын жаңғы...