«Самұрық-Қазына» АҚ қызметкерлері ғимараттарда ықтимал өрт дабылы жағдайына жаттығудан өтті
1450
06 Маусым 2024
Қордың негізгі офисі орналасқан «Жасыл орам» бизнес орталығында ТЖ туындаған жағдайда өрт-тактикалық жаттығу сабағы өтті. ТЖД қызметкерлерінің жетекшілігімен өрт дабылын көтеріп, ғимараттан адамдар шұғыл эвакуацияланды.
Бұл ретте, Қор қызметкерлеріне осындай ТЖ кезіндегі тәртіп ережелері мен эвакуациялау тәсілдері түсіндірілді.
«Жасыл орам» БО аса қауіпті объектілерге жататын көпқабатты ғимарат болып табылады, өйткені қызметкерлердің өміріне қауіп төндіруі мүмкін төтенше жағдайлардың туындау ықтималдығы аса жоғары. Мұндай іс-шаралар төтенше жағдайлар туындаған жағдайда, барлық жұмылдырылған тараптардың іс-қимылдарға даярлығы мен үйлестірілуін арттыруға бағытталған және қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады», - деді Қордың басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов.
Жалпы, барлық тартылған күштер мен құралдар өз міндеттерін ойдағыдай орындады, ал қызметкерлер өрт дабылы іске қосылған кезде іс-қимыл алгоритмі туралы жақсы білімдерін көрсетті.




{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Mediterranean Shipping Company (MSC) басшылығ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен Airbus авиация саласындағы серіктестікті дамыту м...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Италияның Maire Tecnimont комп...
{{ $t('messages.news1') }}
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұ...