Самұрық-Қазына» қоры ауылдық амбулаторияға рентген аппаратын табыстады
981
15 Наурыз 2024
Медициналық қызметтер Маңғыстау облысы Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр және Сайын ауылында тұратын 25 мың тұрғын үшін қолжетімді болмақ.
Ақшұқырдағы амбулаторияда алғаш рет қойылған New Oriental 1000ub рентген аппараты арқылы екі ауылдың тұрғындары жедел түрде диагностикадан өте алады.
Келген науқастарға бронх-өкпе, жүрек-тамыр жүйесі аурулары, профилактикалық мақсаттар үшін кеуде органдарының рентгенографиясы, буын аурулары, омыртқа аурулары, жарақаттар үшін сүйек-буын жүйесін тексеру секілді медициналық шаралары көрсетіледі.
«Қор үшін өңірлерді дамыту басты назарда. Сондықтан ауыл тұрғындарының ұсынысы назардан тыс қалмады. 2016 жылдан бері Маңғыстау облысында 48 әлеуметтік жоба жүзеге асырылып, бұл игі үрдіс биыл да жалғасын тауып жатыр», - деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов.
«Самұрық-Қазына» АҚ қызметі туралы ақпараттарды қордың ресми парақшасынан оқи аласыз @samrukkazyna_official
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ-ның 2024 жылға арналған Тұрақты даму жөніндегі есе...
{{ $t('messages.news1') }}
KT Growth Forum: цифрландыру, көшбасшылық және жасанды интеллект
{{ $t('messages.news1') }}
Ғылым және инновация: 6 айдың қорытындылары мен Қор компанияларының не...
{{ $t('messages.news1') }}
SK Ondeu өз ғылыми жұмыстары негізінде әзірленген агрохимиялық препара...