Самұрық-Қазына дата-орталықтар мен жасанды интеллект саласындағы жобалар бойынша инвестициялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
3225
12 Қаңтар 2024
Бүгін «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов БАӘ Инвестициялар министрі Мохамед Хасан Алсувайдимен кездесті.
Кездесу барысында Самұрық-Қазына, БАӘ Инвестициялар министрлігі және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Стратегиялық құжат ҚР аумағында іске асырылатын деректерді өңдеу орталықтары жобаларына инвестициялар үшін негіз құруға бағытталған.
Қазақстанда дата-орталықтар нарығының дамуы байқалады, бұл есептеу ресурстарына қажеттіліктің артуына, прогрессивті мемлекеттік саясатқа және жасанды интеллект саласындағы жетістіктерге байланысты.
Қол қойылған құжат екі ел арасындағы берік әрі тиімді ынтымақтастықты қалыптастыруға бағытталған. Сондай-ақ тиісті бастамаларды қолдау және білім алмасуға жәрдемдесу үшін ынталандыруды енгізу көзделеді.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» сыртқы рейтингілік қамту құрылымын оңтайландыру турал...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов DFC компаниясының бас директор...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов MOL Group компани...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазынада» Қытайдың Атом энергиясы агенттігінің (China Atomic ...