Нұрлан Жақыпов Presight компаниясының басшысы Томас Прамотедхаммен кездесті.
1976
30 Қараша 2023
Тараптар Қордың портфельдік компанияларында цифрландыру және ақпараттық технологиялар саласындағы жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
QazaqGaz компаниясымен Астана, Шымкент қалаларында және «Сарыарқа» тас жолында газды есепке алудың ашықтығын арттыру бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру жоспарда бар. Нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының барлық аумағында магистральдық газ құбырлары мен газ тарату желілері шешімдерінің мүмкіндігі қарастырылатын болады.
Екінші пилоттық жобаны KTZ-Express компаниясымен бірлесіп жүзеге асыру жоспарлануда. Мақсат – кешенді талдау жүргізу және көлік-логистика секторындағы қызметтердің тиімділігін арттыру үшін цифрлық шешімдерді енгізіп, қажеттілігін анықтау.
Сонымен қатар, компаниялар арасындағы ынтымақтастық цифрландыру саласындағы отандық мамандардың тәжірибесін дамытуға бағытталатын болады.
Анықтама үшін: Presight AI – G42-ке кіретін жасанды интеллект саласындағы әлемдік көшбасшы компания. Ол жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін үлкен деректерді талдауда үздіктердің қатарында. Нарықтық капиталы шамамен 5 миллиард АҚШ долларын құрайды. Компания БАӘ, Парсы шығанағы елдерінде және бүкіл әлемде 50-ден астам сәтті жобаларды жүзеге асырды.
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Гонконг арнайы әкімшілік ауданы Үкіметінің қаржы хатшыс...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов E Fund Management компаниясының жаһандық акциялар бойын...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов MTR Corporation компаниясының бас атқарушы директоры Дж...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Гонконгта Hong Kong Exchanges and Clearing (HKEX) бас д...