«Самұрық-Қазына» АҚ мен Sovico Group өкілдері ынтымақтастық мәселелерін талқылады
2033
22 Қараша 2023
Бүгін Қор басшылығы вьетнамдық Sovico Group компаниясының тең құрылтайшысы және Басқарма Төрағасы Нгуен Тхань Хунгпен кездесті.
Қазақстан Республикасы Президентінің осы жылдың тамыз айындағы Вьетнамға сапары барысында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Sovico Group-пен өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойып, Sovico мен «Қазпочта» АҚ арасында келісім жасалған болатын.

Бүгінгі таңда Sovico Group-тың еншілес компаниясы VietJet Вьетнам мен Қазақстан арасында аптасына 4 рет жолаушыларды әуе рейсімен тасымалдайды.
Тараптар «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы мен Sovico Group арасындағы көлік-логистика саласы бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Анықтама үшін: Sovico Group 1992 жылы құрылған. Вьетнамдағы ең ірі әртараптандырылған конгломераттардың бірі. Негізгі бағыттары: жылжымайтын мүлік, энергетика, банк және қаржы, авиация өнеркәсібі, цифрлық индустрия және т.б. Вьетнамның ішкі нарығындағы ең ірі әуе компаниясы болып табылатын «VietJet Air» 2012 жылы құрылған. Әуетасымалдаушы тәулігіне 400-ден астам рейсті орындайды және 84 ұшақтан тұратын паркі бар. 2022 жылдың қазан айынан бастап Қазақстанға әуе рейсін орындап келеді.
{{ $t('messages.news1') }}
Кигалиде (Руанда) Қор басшысы Нұрлан Жақыповтың Rwanda Development Boa...
{{ $t('messages.news1') }}
Астанада «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың Қазақ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қауіпсіздік мәдениетін күшейтуде: 2025 жылдың қорытын...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қорында Жастар кеңесінің отырысы өтті