Самұрық-Қазына» қорының басшысы Нұрлан Жақыпов Қазақстан-француз бизнес-форумына қатысты
2010
01 Қараша 2023
Бүгін Астанада екі ел басшыларының қатысуымен Қазақстан-француз бизнес-форумы өтті.
Пленарлық сессияда Францияның Сыртқы сауда, экономикалық тартымдылық және шетелдегі француз азаматтарының істері жөніндегі министр-делегаты Оливье Бешт және Францияның Индустрия министрі Ролан Лескюр сөз сөйледі. Қазақстан тарапынан «Самұрық-Қазына» қорының басшысы, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі және ҚТЖ Басқарма төрағасы сөз сөйледі.
Нұрлан Жақыпов өз сөзінде, Қордың компаниялар тобының француз бизнесімен бұрыннан серіктестік қарым-қатынаста екенін атап өтті.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ табиғи уранды жеткізуде «Electricite de France» компаниясымен өзара іс-қимыл жасайды, «Orano Mining» компаниясымен бірлесіп, уран өндіруді жүзеге асырылады, ал «Framatome» компаниясымен жылу бөлетін жинақтарды өндіруде технологиялық әріптес болып табылады. «Эйр Астана» компаниясы Airbus әуе кемелерін лизингке алады, ал ҚТЖ Alstom компанисынан электровоздар мен жиынтықтауыштарды сатып алады.

Тараптар ынтымақтастық бағыттарын кеңейту бойынша белсенді жұмыс істеуде. Total Eren компаниясымен қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясын салу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Сол күні таңертең Ақордада Бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге қол қойылды.
Сондай-ақ форум шеңберінде жобаларды қаржыландыруға, кредиттік және қазынашылық операцияларды жүзеге асыруға, ESG-стратегиясын іске асыруға және активтерді жекешелендіруге қатысуға бағытталған Қор мен Societe Generale арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Гонконг арнайы әкімшілік ауданы Үкіметінің қаржы хатшыс...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов E Fund Management компаниясының жаһандық акциялар бойын...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов MTR Corporation компаниясының бас атқарушы директоры Дж...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Гонконгта Hong Kong Exchanges and Clearing (HKEX) бас д...