Бүгін Қор басшылығы «Orano» тобының бас операциялық директоры Николя Маэспен кездесу өткізді.
1549
01 Қараша 2023
Тараптар КАТКО бірлескен кәсіпорны қызметінің мәселелерін талқылады. Француз тарапы ынтымақтастық бағыттарын кеңейту, оның ішінде ҚР шегінен тыс бірлескен стратегиялық жобаларды іске асыру жөнінде ұсынысын жеткізді.
Қор басшысы француз компанияларымен атом саласындағы көпжылдық сенімді әріптестікті атап өтіп, жаңа жобаларды қарастыруға дайын екендігін білдірді.

Анықтама үшін: Оrапо S.A. (2018 жылға дейін Areva S.A.) – Францияның атом өнеркәсібінің көшбасшысы болып табылатын ірі халықаралық өнеркәсіптік компания. Қызметінің негізгі бағыттары ядролық энергетикаға байланысты: уран өндіру, уранды қайта өңдеу және байыту, отын жинақтарын (ЖБЖ) дайындау, ядролық отынды тасымалдау, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу, пайдаланылған ядролық отынды қайта өңдеу, ядролық объектілерді пайдаланудан шығару.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Италияның Maire Tecnimont комп...
{{ $t('messages.news1') }}
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» сыртқы рейтингілік қамту құрылымын оңтайландыру турал...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов DFC компаниясының бас директор...