«Самұрық-Қазына» басшысы Agip Caspian Sea B.V. Басқарушы директоры Маттео Тизимен және Agip Karachaganak B.V. Басқарушы директоры Ренато Маролимен кездесті.
1793
13 Қазан 2023
Келіссөздер барысында Eni Қазақстанның мұнай-газ және энергетика салаларында бұрыннан келе жатқан сенімді стратегиялық серіктесі екені атап өтілді.
Тараптар Қазақстандағы Eni компаниясының қызметі жөнінде талқылап, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарында өндіріс көлемін ұлғайтудың маңызын атап өтті.
Сондай-ақ, жаңартылатын энергия көздері бойынша жобалар талқыланды.
Анықтама үшін: «Eni» - әлемнің 80-нен астам елінде өкілдігі бар ірі италиялық мұнай-газ компаниясы. Қазақстанда 1992 жылдан бері жұмыс істейді. Осы жылдар ішінде компания ел экономикасына 16 млрд. доллардан астам инвестиция құйған. Қазақстан Eni портфеліндегі мұнай және газ өндіру деңгейі бойынша негізгі бес елдің қатарына кіреді (тәулігіне шамамен 170 мың мбб).
Компания иелігінде:
*Қашаған кен орнын қамтитын Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлісу туралы келісім шеңберінде 16,81%;
*Қарашығанақ жобасында 29,25%;
*Солтүстік Каспийде геологиялық барлау жұмыстары бойынша Исатай Оперейтинг Компани аясында 50%;
*Каспий құбыр консорциумында 2%.
{{ $t('messages.news1') }}
KT Growth Forum: цифрландыру, көшбасшылық және жасанды интеллект
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ-ның 2024 жылға арналған Тұрақты даму жөніндегі есе...
{{ $t('messages.news1') }}
Ғылым және инновация: 6 айдың қорытындылары мен Қор компанияларының не...
{{ $t('messages.news1') }}
SK Ondeu өз ғылыми жұмыстары негізінде әзірленген агрохимиялық препара...