Digital Bridge форумында Мемлекет басшысы әмірлік Presight компаниясының президентімен кездесті
1844
12 Қазан 2023
Астана қаласында Digital Bridge 2023 форумы аясында ағымдағы жылғы 12 қазанда Мемлекет басшысының Presight әмірлік компаниясының президенті Томас Прамотедхаммен екіжақты кездесуі өтті, оған Қордың Басқарма төрағасы қатысты.
Келіссөздер қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ мен Presight компаниясы арасында инвестициялаудың негізгі шарттары туралы келісімге қол қойылды. Осы келісімнің негізгі мақсаты «Самұрық-Қазына» АҚ-ның еншілес компанияларының өндірістік процестерін цифрландыру жобаларын іске асыру үшін Қазақстанда бірлескен кәсіпорын құру болып табылады.
«Қор елдің стратегиялық активтерін басқарушы ретінде цифрландыруды өзінің басымдықтарының бірі деп санайды. Біз Presight компаниясымен бірлесіп, екі елдің арасындағы әріптестікті нығайтуға және бірыңғай цифрлық қоғамдастық құруға ықпал етеміз деп үміттенемін», - деп атап өтті Нұрлан Жақыпов.
Presight AI – жасанды интеллектке негізделген көлемдідеректерді талдау саласындағы жетекші компания, G42 тобына кіреді. G42 тобы – жасанды интеллект саласында пен бұлтты есептеулерге маманданған жаһандық көшбасшы. Presight AI нарықтық капиталдануы шамамен 5 миллиард долларды құрайды. Компания әлемнің 14 елінде, соның ішінде БАӘ мен Парсы шығанағы мемлекеттерінде табысты жобаларды жүзеге асырды.
«Самұрық-Қазына» АҚ тобына цифрландыруды енгізу бизнес-процестерді оңтайландыруға, өндірістік шығындарды азайтуға және компаниялардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл бастама экономиканың негізгі салаларында экономикалық өсуге ықпал етіп қана қоймай, жергілікті кадрлардың құзыреттерін дамытуға ықпал етеді.
{{ $t('messages.news1') }}
KT Growth Forum: цифрландыру, көшбасшылық және жасанды интеллект
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ-ның 2024 жылға арналған Тұрақты даму жөніндегі есе...
{{ $t('messages.news1') }}
Ғылым және инновация: 6 айдың қорытындылары мен Қор компанияларының не...
{{ $t('messages.news1') }}
SK Ondeu өз ғылыми жұмыстары негізінде әзірленген агрохимиялық препара...