«Самұрық-Қазына» қорының басшысы жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды
5091
29 Тамыз 2023
«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Қызылордаоблысына жұмыс сапарымен барды. Ол «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «Хорасан-U» ЖШС, «Байкен-U» ЖШС секілді бірнеше өнеркәсіптік нысанды аралап, облысәкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен кездесті.
Нұрлан Жақыпов өңір басшысымен бірқатар өзекті мәселені талқылап, Ж.Маханбетов ауылындағы ауа-тірек құрылымындағы көпсалалы спорт кешенінашты. Қайырымдылық жобасының бюджеті 239 млн теңгені құрайды. Бұл«Самұрық-Қазына» компаниялар тобының қаражатына салынған жетіншікешен. Бұдан бұрын мұндай нысан Ақтөбе, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Қарағанды және Түркістан облыстарында ашылды.

Күздің ортасына қарай Ақмола, Қостанай, Павлодар және Абайоблыстарында тағы 4 нысанның құрылысы аяқталады деп жоспарланып отыр. Қызылордадағы аумағы 1504 шаршы метр спорт ғимаратының шағын футбол, волейбол, үлкен теннис және баскетбол ойындарына арналған алаңдары бар. Сонымен қатар жүгіру жолағы, бокс рингі, 3 теннис үстелі, күрес кілемі жәнекөрермендер орындары қарастырылған.
«Самұрық-Қазына» компаниялар тобының қаражатына салынған әрспорт ғимаратының мақсаты маңызды. Жергілікті балалардың спортпенайналысып, мықты әрі дені сау болып өсуіне жол ашылуда. Ж.Маханбетовауылында бірнеше мың адам тұрады. Сондықтан болашақта көпсалалы кешен жарқын спорт оқиғалары мекеніне айналып, чемпиондар тәрбиеленіп шығатынына сенемін», - деді Нұрлан Жақыпов салтанатты ашылу рәсімінде.

Бүгінде топтың өңірдегі 8 компаниясының филиалдары мен бөлімшелерінде 13 мың адам жұмыс істейді. Соңғы алты жылда Қор өңірде 1,1млрд теңге сомасына 15 қайырымдылық жобасы іске асырды.
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Гонконг арнайы әкімшілік ауданы Үкіметінің қаржы хатшыс...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов E Fund Management компаниясының жаһандық акциялар бойын...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов MTR Corporation компаниясының бас атқарушы директоры Дж...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Гонконгта Hong Kong Exchanges and Clearing (HKEX) бас д...