«Самұрық-Қазына» қорының басшысы лауазымына кіріскен алғашқы 100 күндегі жұмысы жайлы брифингте сөз сөйледі
862
13 Шілде 2023
Бүгін баспасөз брифингінде «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов өз лауазымына кіріскен алғашқы 100 күндегі жұмысын қорытындылап, Қорды дамыту жөніндегі алдағы жоспарлары туралы баяндады.
Ол Қордың жұмысын қолына алғандағы жағдайына, портфельдік компаниялардың басшылық құрамы мен қызметкерлерінің деңгейіне риза болғанын атап өтті.
Нұрлан Жақыпов Қор біздің экономикамыздың жай-күйіне орасан зор әсер етіп, оның драйвері және бизнес-тәсілдердегі көшбасшысы болып табылатынын атап өтті. «Самұрық-Қазына» Қорының Қазақстанның 2022 жылы орнықты дамуына қосқан үлесі 7,6 трлн теңгені құрады.
«Егер, атап айтқанда, мемлекетке төленетін төлемдерімізді, яғни: 2022 жылғы салықтарды, дивидендтерді және өзге де бөлулерді қосатын болса, онда бұл сома 2 триллион теңгені құрады. Бұны Қазақстанның ең ірі агломерациясы – Алматы қаласы мен Алматы облысының 2023 жылғы бюджетімен салыстыруға болады», - деді атап өтті Н. Жақыпов.
Брифингте көтерілген негізгі мәселелердің бірі – портфельдік компаниялар қызметінің бірқатар түрлері бойынша тарифтерді көтеруге қатысты болды. Қордың басшылығы Үкіметпен және мемлекеттік органдармен бірлесіп, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында, әділ тарифтерді енгізу бағытында жоспарлы түрде жұмыс жүргізеді, бірақ халықтың мүдделері міндетті түрде ескерілетін болады.
«Қор 1,2 трлн теңге сомаға жеңілдетілген тарифтер мен бағаларды ұсына отырып, Қазақстан экономикасын субсидиялайды. - деді Нұрлан Жақыпов, - Бұл ұзақ уақыт бойы жеткіліксіз қаржыландыруға және сәйкесінше инфрақұрылымның тозуына әкеледі. Президент өткен жылы «Инвестициялар орнына тариф» бағдарламасын іске асыруды тапсырды. Қазіргі таңда біз Үкіметпен және Президент Әкімшілігімен тарифтерді жоспарлы түрде арттыру үшін жұмыс істеп жатырмыз. Біздің міндетіміз – мақсатты инфляциялық дәліз шегінде тарифтердің өсуін 10-12% шегінде сақтау және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету болып табылады», - деп атап көрсетті Қор басшысы.
Қазіргі уақытта мына компанияларға қатысты тарифтерді өзгерту келісілді:
● «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ – бұл жанар-жағармайдың (ЖЖМ) көтерме бағасын өсіру;
● «QazaqGaz» ҰК» АҚ – газға көтерме және бөлшек бағаны көтеру;
● «Самұрық-Энерго» АҚ – бұл электр энергиясын өндіруге тариф;
● «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ – бұл магистральдық теміржол желісі қызметтерінің тарифі.
Қазіргі таңда мына қызметтердің санаттары: магистральдық су құбыры арқылы су беру, газ тасымалдау, жылу энергиясы, транзит және экспорт, локомотивтік тартым бойынша тарифтерді өзгерту мәселесі пысықталуда.
Брифинг барысында «Самұрық-Қазына» қоры кірісінің 2023 жылдың соңына болжамы ұсынылды. Осы болжамға сәйкес, Қор активтері құнының айтарлықтай өсуі күтілуде, бұл жыл басындағы 72 миллиард доллармен салыстырғанда 78 миллиард долларды құрайды.
Брифинг соңында Нұрлан Жақыпов «Самұрық-Қазына» қорының жеке даму мақсатын белгіледі.
«Мен Қордың активтерін, Ұлттық байлығымызды сақтап қана қоймай, олардың ашықтығын, тиімділігін арттыруым қажет деп санаймын. Мен Қорды активтерінің жалпы құны 72 миллиард АҚШ доллары болған кезде басқаруды қолға алдым. Мен 2026 жылдың соңына дейін Қор активтерінің құны, яғни Қазақстан халқына тиесілі кәсіпорындар мен компаниялардың құны 100 миллиард долларды құрауы үшін бар күшімді салғым келеді. Бұл өршіл мақсат, бірақ бізде бұл мақсатқа жету үшін барлық мүмкіндіктер бар екеніне сенімдімін», - деп атап көрсетті ол.
Қордың таза пайдасы мұнай бағасының түсуіне қарамастан, 2022 жылғы деңгейден төмен болмайды деп жоспарланып отыр.
{{ $t('messages.news1') }}
KT Growth Forum: цифрландыру, көшбасшылық және жасанды интеллект
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ-ның 2024 жылға арналған Тұрақты даму жөніндегі есе...
{{ $t('messages.news1') }}
Ғылым және инновация: 6 айдың қорытындылары мен Қор компанияларының не...
{{ $t('messages.news1') }}
SK Ondeu өз ғылыми жұмыстары негізінде әзірленген агрохимиялық препара...