Қауіпсіздік ережелерін зерттеудің жаңа форматы
1263
04 Шілде 2023
Бүгін Астанада «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 15 жылдығына арналған ауқымды Іс-шаралар жоспары аясында Қор қызметкерлері мен портфельдік компаниялардың балаларына арналған қауіпсіздік жөніндегі кезекті шеберлік сыныбы өткізілді.
Оқу «Эйр Астана» АҚ және «Қазақтелеком» АҚ-ның қолдауымен Авиациялық-техникалық орталық және ұшақтарға арналған арнайы ангар базасында өтті. Қатысуға 13 пен 16 жас аралығындағы балалар шақырылды.

50 бала ұшу қауіпсіздігімен танысу, ұшқыштың кабинасын көру, сондай-ақ апаттық-құтқару жабдығының қандай болатынын, ұшақтың ұшуына қандай қуат көздері көмектесетінін, қанаттар не үшін қажет екенін және әр ұшу алдында бортты қалай тексеретінін білу мүмкіндігіне қол жеткізді. Сонымен қатар, олар қауіпсіздіктің әртүрлі аспектілерімен, соның ішінде жол қозғалысының негізгі ережелерімен, өрт қауіпсіздігі ережелерімен, бейтаныс адамдармен қарым-қатынастағы мінез-құлықережелерімен танысты.
«Бұл іс-шараның бірегейлігі – балалар ұшқыштардың, инженерлердің және бортсеріктердің өз ауыздарынан ұшақ бортында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңыздылығы мен ерекшеліктері туралы естіп-білді. Балалар – біздің болашағымыз және біз қазірден бастап оларға күнделікті өмірде қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру үшін бар күшімізді салуымыз керек», – деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов.
Қорда атап өткендей, мұндай іс-шараларды өткізу ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасады.

{{ $t('messages.news1') }}
Bolashaq Sarayi: «Самұрық-Қазына» тобы тағы бір ірі әлеуметтік нысанды...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобы 62 жасанды интеллект жобасын енгізуде, ЖИ-ді қол...
{{ $t('messages.news1') }}
Қызылордада «Самұрық-Қазына» компаниялары тобы атынан Достық үйі ашылд...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ Қастеев атындағы Ұлттық музейді жаңартуға 994 млн ...