Қор мен Deutsche Bahn ынтымақтастық мәселелерін талқылады
1087
21 Маусым 2023
Бүгін Қазақстан-Германия бизнес-форумы аясында «Самұрық-Қазына» қорының Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Deutsche Bahn AG халықаралық даму жөніндегі директоры, «DB Engineering & Consulting GmbH» компаниясының бас директоры Нико Варбаноффпен кездесу өткізді.
Тараптар жолаушылар тасымалы және көлік-логистикалық кешенді дамыту саласындағы ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ көлік және логистика саласындағы одан әрі бірлескен қызметтің перспективаларын талқылады.

Германия Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында ҚТЖ мен DB Engineering & Consulting GmbH (Deutsche Bahn еншілес компаниясы) арасында Жолаушылар тасымалы және көлік-логистика саласындағы әріптестікті дамыту туралы келісімге қол қойылды, оның мәні жолаушылар тасымалының тиімділігін арттыру және ҚТЖ-ны ұлттық көлік-логистика компаниясына айналдыру процесінде қолдау болып табылады.
*** Deutsche Bahn AG - неміс теміржол операторы. Deutsche Bahn AG компаниясының еуропа континентінің теміржол жүйелерін шоғырландыру стратегиясы аясында, өткен жылдар ішінде DB тобы Батыс және Орталық Еуропаның теміржол желілерінің ең ірі операторы бола алды.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» және Қытай компаниялары қуаты 1 ГВт-қа дейін ЖЭС жоба...
{{ $t('messages.news1') }}
HackAlem AI: қатысушылар бес сағатта 1 500-ден астам AI-агент әзірлейд...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Sunwah Group корпорациясының төрағасымен кездесті
{{ $t('messages.news1') }}
ЖИ мұнай-газ саласының жұмысын қалай өзгертуде