«Самұрық-Қазына» қоры мен Citi ынтымақтастық мәселелерін талқылады
1178
08 Маусым 2023
Бұл туралы бүгін Астанада Қор мен Citi басшылығының келіссөздерінде айтылды. Қазақстан тарапынан оларды «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Нұрлан Жақыпов, банк тарапынан Citi-дің Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша бас атқарушы директоры Дэвид Ливингстон басқарды.
Американдық Citibank – әлемнің 100-ден астам елінде ұсынылған ең ірі халықаралық банктердің бірі. Қазақстанда ол 1994 жылдан бері жұмыс істейді. Банк «Самұрық-Қазына» тобымен белсенді ынтымақтастықта. Мысалы, Қор мен холдинг компанияларының басқа да қарыздарын және еурооблигацияларды орналастыру кезінде. Банкпен Air Astana, ҚТЖ, ҚазАтомӨнеркәсіп сияқты компаниялар белсенді ынтымақтасады.

Бүгін тараптар өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін және ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, Нұрлан Жақыпов серіктестерге IPO және SPO арқылы портфельдік компанияларды нарыққа одан әрі шығару жөніндегі «Самұрық-Қазына» қорының жоспарлары туралы әңгімелеп берді. Олардың қатарында ҚМГ, Air Astana, KEGOC, QazaqGaz бар.
«Самұрық-Қазына» қорының басшысы қорытындылай келе, банкті Қордың басым инвестициялық жобаларын қаржыландыру мүмкіндігін зерделеуге шақырды.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» және Қытай компаниялары қуаты 1 ГВт-қа дейін ЖЭС жоба...
{{ $t('messages.news1') }}
HackAlem AI: қатысушылар бес сағатта 1 500-ден астам AI-агент әзірлейд...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Sunwah Group корпорациясының төрағасымен кездесті
{{ $t('messages.news1') }}
ЖИ мұнай-газ саласының жұмысын қалай өзгертуде