Masdar компаниясы мен «Самұрық-Қазына» қоры ЖЭС салуды жоспарлап отыр
1764
31 Мамыр 2023
Бүгін «Самұрық-Қазына» және Kazakhstan Investment Development Fundбасшылығы Masdar компаниясының Орталық Азия мен Ресейдегі даму және инвестициялар бағытының басшысы Абдулла Зайедпен кездесті.
Тараптар Жамбыл облысында Masdar және KIDF-пен бірлесіп, белгіленген қуаты 1 ГВт-қа дейінгі жаңа жел электр станциясын салу жобасын іске асыру шарттарын талқылады.
Қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына» қоры жобаға үшінші қатысушы ретінде кіру мәселесін пысықтауда. Бірінші қадам Ынтымақтастық туралы келісімге қол қою болады.
Анықтама үшін: Masdar компаниясы 2006 жылы құрылған және 23 ГВт-тан асатам ЖЭК генерациялайтын жаңартылатын энергия көздері мен жасыл сутегі саласында әлемдік көшбасшы болып табылады. Соңғы онжылдықта компания БАӘ-де және бүкіл әлемде экологиялық жағынантаза энергия, орнықты жылжымайтын мүлік және экологиялық жағынан таза технологиялар саласындағы шешімдерді әзірледі.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» және Қытай компаниялары қуаты 1 ГВт-қа дейін ЖЭС жоба...
{{ $t('messages.news1') }}
HackAlem AI: қатысушылар бес сағатта 1 500-ден астам AI-агент әзірлейд...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Sunwah Group корпорациясының төрағасымен кездесті
{{ $t('messages.news1') }}
ЖИ мұнай-газ саласының жұмысын қалай өзгертуде