«Ембімұнайгазда» жол-көлік оқиғасының саны көлік жүргізуді автоматты бақылаудың арқасында азайды
554
31 Мамыр 2023
Бүгін «Ембімұнайгаз» алаңында «Самұрық-Қазына» қоры компаниялар тобының қызметкерлері үшін «Сапарларды басқару» көлік құралдарының мониторингі автоматтандырылған жүйесінің практикалық таныстырылымы болып өтті. Бұл Қордың өндірістік қауіпсіздікті цифрландыру және жарақаттануды, оның ішінде ЖКО санын азайту бағдарламасының бір бөлігі.

«Ембімұнайгазда» бұл жүйе бірінші жыл жұмыс істеп отырған жоқ. Ол қызметтік автомобильдердің қозғалысы, оның ішінде олардың геолокациясы, жылдамдығы, күрт жеделдету және тежеу, қауіпсіздік белдігін пайдалану, күндізгі жүріс шамдарын қосу туралы әртүрлі деректерді жинайды. Бағдарлама маршруттан ауытқуларды бақылайды және бұзушылықтар туралы онлайн хабарламалар жібереді. Жүйенің арқасында 2022 жылы ЖКО мен қауіпті жол оқиғаларының санын едәуір қысқартуға мүмкіндік туды.
2023-2025 жылдары жобаны «ҚазМұнайГаз» тобының басқа компанияларына кезең-кезеңімен қолдану жоспарланған. Бүгінгі таныстырылымда «Самұрық-Қазына» тобының қызметкерлері жүйенің жұмысын жоғары бағалап, оны өз компанияларында енгізу мүмкіндігін қарастыруға уәде берді.
{{ $t('messages.news1') }}
Bolashaq Sarayi: «Самұрық-Қазына» тобы тағы бір ірі әлеуметтік нысанды...
{{ $t('messages.news1') }}
Қызылордада «Самұрық-Қазына» компаниялары тобы атынан Достық үйі ашылд...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобы 62 жасанды интеллект жобасын енгізуде, ЖИ-ді қол...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Алматыдағы ЖЭО-2 нысанын жаңғы...