«Самұрық-Қазына» және ҚХР компаниялары мұнай және газ, энергетика, көлік, пошта салалары бойынша бірге жұмыс істеуге келісті
1140
18 Мамыр 2023
«Самұрық-Қазына» компаниялар тобы қытайлық серіктестермен ынтымақтастықты күшейту туралы келісім жасады. Құжаттарға Қазақстан Президентінің мемлекеттік сапары аясында Сиань қаласында (ҚХР) қол қойылды.
«Самұрық-Қазына» мен ҚР Энергетика министрлігі Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт жел паркін салу үшін қытайлық CPIH және SANY компанияларымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Мұның арқасында Қазақстанда жаңартылатын генерацияның жиынтық қуаты 40 пайызға арттырады. Желдің жылдамдығы өзгерген кезде жел электр генерациясының ауытқуын өтеу үшін жел паркінің жанында энергия сақтау құрылғысы құрылады.
«Самұрық-Қазына» мен Рower China Алматы облысының Шелек елді мекенінде жел паркінің қуатын 60-тан 810 МВт-қа дейін арттыратын болып келісті. Оған қоса, ГЭС салу жоспарлануда, оның қуаты жел паркінің электр энергиясын өндірудің біркелкі тұрақтылығын теңестіруге мүмкіндік береді. Бұл еліміздегі жаңартылатын генерацияның болжамды көлемін тағы 30 пайызға ұлғайтады.
«ҚазМұнайГаз» және SINOPEC қытайлық компанияның Атырау маңындағы полиэтилен өндірісі бойынша ГӨЗ салу жобасына қосылу қағидаттары туралы келісімге қол қойды. Бүгінде жобаға ресейлік СИБУР де қатысады. Сондай-ақ, ҚМГ мен QazaqGaz қытайлық CNPC компаниясымен Қазақстаннан мұнай мен газды геологиялық барлау, тасымалдау және экспорттау салаларындағы ынтымақтастықты күшейту туралы келісім жасасты.
«Қазақстан темір жолы» мен қытайлық серіктестер ҚР Президентінің қатысуымен Сиань қаласында елдер арасындағы жүк айналымын арттыру үшін логистика терминалын ашты. Ал «Қазпошта» қазақстандықтардың eBay, Alibaba, JD, PDD, WiSH және Amazon платформаларын қолдануда ыңғайлы жағдай жасау үшін UBI Smart Parcel (Shenzhen) Limited компаниясымен меморандумға қол қойды.
{{ $t('messages.news1') }}
KT Growth Forum: цифрландыру, көшбасшылық және жасанды интеллект
{{ $t('messages.news1') }}
Ғылым және инновация: 6 айдың қорытындылары мен Қор компанияларының не...
{{ $t('messages.news1') }}
SK Ondeu өз ғылыми жұмыстары негізінде әзірленген агрохимиялық препара...
{{ $t('messages.news1') }}
Италия мен қазақстандық компаниялардың өкілдері іскерлік серіктестікті...