«Самұрық-Қазына» АҚ компанияларының тобында «ЖКО STOP» кампаниясы басталды
932
04 Мамыр 2023
«Самұрық-Қазына» АҚ Қор компаниялары тобы жұмыскерлерінің арасында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жарақаттануды төмендету бойынша жұмыстарды жалғастыруда.
2023 жылғы 4 мамырда «QazaqGaz» ҰК» АҚ кәсіпорнында көлік құралдарын басқару және пайдалану кезінде қауіпсіздік мәдениетін дамытуға бағытталған «ЖКО STOP» кампаниясы басталды.
Авария не кенеттен тоқтаған жағдайда автомобиль жүргізушісін немесе жолаушыны ұстап қалуға арналған қауіпсіздік белдігі пассивті қорғаныс құралдарының бірі екендігін ескере отырып, іс-шара барысында қатысушыларға ЖКО кезіндегі кез келген қақтығыстың жаттықтырғыш-ұқсатқысы ұсынылды.
Мысалы, көлік құралының 30 км/сағ жылдамдықпен кедергіге соғу кезінде адам жарақаттарының ауырлығы адамның 3,5 м биіктіктен құлауына сәйкес келеді. Бетпе-бет соғылу кезінде жарақаттың ауырлығы автомобильдің жүру жылдамдығының жоғарылауымен күрт артады.
Жаттықтырғыш-ұқсатқы 12 км/сағ дейін жол-көлік оқиғасына ұқсас жылдамдықты дамытады. Қатысушылар төмен жылдамдықтағы соқтығысуды сезініп, бұл оларға соққының күші мен қауіпсіздік белдіктерін пайдалану қажеттілігін түсінуге мүмкіндік береді.
БҰҰ-ның 2020 жылғы деректері бойынша Қазақстан жол-көлік жарақатының өлім-жітімінің деңгейі бойынша 6-орында болуына байланысты жаттықтырғышты қолдану өзекті болып отыр.
Кампанияны «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК АҚ, «Эйр Астана» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» АҚ, «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ жұмыскерлері қолдап, қатысты.
Осыған ұқсас іс-шаралардың тізбегі 2023 жылғы 2 және 3-тоқсанда өткізілетін болады.
{{ $t('messages.news1') }}
KT Growth Forum: цифрландыру, көшбасшылық және жасанды интеллект
{{ $t('messages.news1') }}
Ғылым және инновация: 6 айдың қорытындылары мен Қор компанияларының не...
{{ $t('messages.news1') }}
SK Ondeu өз ғылыми жұмыстары негізінде әзірленген агрохимиялық препара...
{{ $t('messages.news1') }}
Италия мен қазақстандық компаниялардың өкілдері іскерлік серіктестікті...