Қазақстандық өндірістік қауіпсіздік сарапшылары XXIII ORP дүниежүзілік конгресінде тәжірибемен бөлісті.
505
28 Сәуір 2023
Қазақстандық сарапшыларды еңбек қауіпсіздігі саласындағы ең маңызды жаһандық іс-шаралардың бірі – «Жұмыста: Бір өмір, Бір планета» ұранымен Бильбао (Испания) қаласында өткен XXIII ORP (Occupational Risk Prevention)тәжірибе бөлісуге шақырды.
Жаһандық іс-шара аясында қауіпсіздік, көшбасшылық және өндірістегі қауіпсіз іс-қимыл мәдениеті, сондай-ақ жаһандық қауымдастықтағы әлеуметтік және тұрақты даму мәселелері саласындағы мәселелер талқыланды.
Өндірістік қауіпсіздік саласындағы процестерді цифрландыру тақырыбы кеңінен қаралды. Қазіргі таңдағы басты трендтердің бірі - цифрландыру, роботтандыру, жасанды интеллекті қолдану, сондай-ақ жұмыскердің менталдық денсаулығын сақтау.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қызметкері Батыр Котырев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мысалында өндірістік қауіпсіздік саласындағы автоматтандырылған цифрлық шешімдерді енгізу бағытындағы тәжірибесімен бөлісті.
Конгрессте «Samruk Business Academy» ЖММ-ның ESG/HSE сарапшысы Виктор Поднебесный «Vision Zero» халықаралық бастамасына қосылу және Қазақстанға енгізу процесі туралы баяндады.
Конгресске Халықаралық еңбек ұйымы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы және т.б. табысты шетелдік қауымдастықтар мен компаниялардың 1 300-ден артық өкілдері мен 150 спикер қатысты.
Әлемдік қоғамдастықпен ықпалдасу бағытында қарыштап келе жатқан Қазақстанның тәжірибесін іс-шараны ұйымдастырушылар да, түрлі елдерден келген қатысушылары да жоғары бағалады.
{{ $t('messages.news1') }}
KT Growth Forum: цифрландыру, көшбасшылық және жасанды интеллект
{{ $t('messages.news1') }}
Ғылым және инновация: 6 айдың қорытындылары мен Қор компанияларының не...
{{ $t('messages.news1') }}
SK Ondeu өз ғылыми жұмыстары негізінде әзірленген агрохимиялық препара...
{{ $t('messages.news1') }}
Италия мен қазақстандық компаниялардың өкілдері іскерлік серіктестікті...