ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ»  АҚ жаңа басшысын таныстырды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ»  АҚ жаңа басшысын таныстырды

1403

03 Сәуір 2023

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ ұжымына жаңа басқарма төрағасын – Нұрлан Жақыповты таныстырды.

Үкімет басшысы қордың алдында инвестициялар тарту, энергетикалық кешенді дамыту, республиканың инфрақұрылымдық, көлік-логистикалық және индустриялық дамуын қамтамасыз ету бойынша ауқымды міндеттер тұрғанын атап өтті.

2023-04-03_0001_Layer 6.jpg


Сонымен қатар қор отандық тауар өндірушілерге белсенді түрде қолдау көрсетіп, қолайлы жағдай жасауға тиіс, бұл ұлттық экономиканың орнықты даму жолында нығаюына мүмкіндік береді.

2023-04-03_0000_Layer 7.jpg


«Әрбір еншілес компания мен холдинг жұмысының басым бағыттары және KPI айқындалған, перспективалы міндеттер түсінікті. Қор – біздің елімізде үлкен активтерді басқаратын өте маңызды құрылым. Қордың тиімді жұмысына көп мәселе, әсіресе бүкіл экономикаға және еліміздің одан әрі дамуына әсер ететін ірі жобалар байланысты болып отыр», — деді Әлихан Смайылов. Сондай-ақ Үкімет басшысы Нұрлан Жақыпов пен қордың барлық қызметкерінің жұмыстарына табыс тіледі. 

Сонымен қатар Премьер-Министр соңғы екі жылда қорды басқарған Алмасадам Сәтқалиевке Қазақстан экономикасының дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.


Дереккөз: primeminister.kz