«Самұрық-Қазына» қоры Ұлыбританиямен ынтымақтастықты кеңейтуде
585
02 Наурыз 2023
Бүгін «Самұрық-Қазына» АҚ басшылығы Ұлыбритания Премьер-Министрінің Қазақстан бойынша сауда өкілі Баронесса Эмма Николсонмен кездесті.
Кездесуге сондай-ақ Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Лич және Сауда және инвестициялар жөніндегі ел директоры Бэт МакКендрик қатысты.
Баронесса Николсон мен Қор басшысы Қазақстан-Британ Іскерлік кеңесінің тең төрағалары ретінде таяу уақытқа бірлескен жұмыс жоспарын белгіледі.
Британдық тарап ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қызығушылық білдірді. Климаттық күн тәртібінің халықаралық маңыздылығын ескере отырып, Қор энергетика саласын тұрақты дамытуға бірлескен инвестициялар мен әріптестік жасауды ұсынды.Мысал ретінде «Қоршаған ортаға әсерді барынша азайта отырып, Алматы ЖЭО-2 жаңғырту» жобасы бойынша ЕҚДБ-мен кредиттік келісім келтірілген.
Сондай-ақ екінші акционері британдық «BAE Systems» компаниясыболып табылатын «Эйр Астана» АҚ-ның IPO-ға дайындық мәселелері талқыланды.
Анықтама: Баронесса Эмма Николсон Винтерборнская – британдық саясаткер, 1997 жылдан бері Ұлыбританияның өмірлік пэрі. 1987 жылы Ұлыбритания Парламентінің мүшесі болып сайланды. 1999 - 2009 жылдарыЕуропарламент мүшесі болды. 2017 жылдан бастап Ұлыбритания Премьер-Министрінің Қазақстан бойынша сауда өкілі, Қазақстан-Британ Іскерлік кеңесінің тең төрағасы.
{{ $t('messages.news1') }}
Bolashaq Sarayi: «Самұрық-Қазына» тобы тағы бір ірі әлеуметтік нысанды...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобы 62 жасанды интеллект жобасын енгізуде, ЖИ-ді қол...
{{ $t('messages.news1') }}
Қызылордада «Самұрық-Қазына» компаниялары тобы атынан Достық үйі ашылд...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Алматыдағы ЖЭО-2 нысанын жаңғы...