«Самұрық-Қазына» және ҚР ҒЖБМ ғылыми-техникалық жобаларды сараптаудың жаңа тетігін іске қосып жатыр
1375
27 Ақпан 2023
«Самұрық-Қазына» қоры мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі қазақстандық ғалымдардың ғылыми-техникалық жобаларын сараптаудың жаңа тетігін іске қосып жатыр.
Заң бойынша ҚР жер қойнауын пайдаланушылар жыл сайын ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды өткен жылы өндіруге жұмсалған шығындарының 1 пайызымен қаржыландыруға міндетті. 2022 жылдың сәуір айынан бастап «Самұрық-Қазына» тобының өндіруші компаниялары бұл қаражатты «Самғау» ғылыми-технологиялық бастамалар орталығына (ҒТБО) бағыттайды. Оның мақсаты - қазақстандық ғылымды дамыту және ғалымдар мен өндірушілер арасында байланыс орнату.
Жақында «Самғау ҒТБО мен ҚР ҒЖБМ жанындағы Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы «Самұрық-Қазына» тобының жер қойнауын пайдаланушы компаниялары қаржыландырылатын жобаларға ғылыми-техникалық сараптама жүргізу туралы шартқа қол қойды. Жаңа тетік Қор тобындағы ғылыми әзірлемелерді қаржыландыру мен басқаруды жүйелендіруге және оңалтуға мүмкіндік береді.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» және Қытай компаниялары қуаты 1 ГВт-қа дейін ЖЭС жоба...
{{ $t('messages.news1') }}
HackAlem AI: қатысушылар бес сағатта 1 500-ден астам AI-агент әзірлейд...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Sunwah Group корпорациясының төрағасымен кездесті
{{ $t('messages.news1') }}
ЖИ мұнай-газ саласының жұмысын қалай өзгертуде