«Самұрық-Қазына» финляндиялық бизнеспен ынтымақтастықты кеңейтеді
755
24 Ақпан 2023
Бүгін Астанада «Самұрық-Қазына» қорының басшысы мен еншілес компаниялардың жетекшілері финляндиялық бизнесмендермен дөңгелек үстелге қатысты. Іс-шараны Финляндияның Халықаралық даму және сыртқы сауда министрі Вилле Скиннаридің Қазақстанға сапары аясында Қазақстандағы Финляндия Елшілігі ұйымдастырды. Кездесуге Wärtsila, Teknos, Nurminen Logistics, EastCham, Metso Outotec, EPSE, Nokia және PayIQ сияқты финляндиялық компаниялар да қатысты. Қор тобы финляндиялық компаниялармен бірнеше жылдан бері бірлесіп жұмыс істеп келеді.
«Мемлекеттеріміздің арасында стратегиялық қарым-қатынас орнаған. Финляндия — Қазақстан үшін Солтүстік Еуропа елдері арасындағы ең үлкен инвестиция көзі. Отызжылдықты еңсергеннен кейін елдеріміз барлық бағыт бойынша екіжақты ынтымақтастық, әсіресе сауда-экономикалық салада тығыз байланыс орнатқанын көріп отырмыз. Финляндия – баламалы энергетиканы, жоғары технологияларды және цифрландыруды дамыту тұрғысынан бізді қызықтыратын технологиялар мен инновациялар саласындағы әлемдік көшбасшы», – деді «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы.
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов MTR Corporation компаниясының бас атқарушы директоры Дж...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Гонконгта Hong Kong Exchanges and Clearing (HKEX) бас д...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Гонконгта Қытайдың China Investment Corporati...
{{ $t('messages.news1') }}
Алматыда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Жасанд...