«Самұрық-Қазына» қоры еңбекті қорғау бойынша жұмысты қорытындылады

«Самұрық-Қазына» қоры еңбекті қорғау бойынша жұмысты қорытындылады

1084

27 Қаңтар 2023

Бүгін «Самұрық-Қазынада» Қор компаниялары тобында еңбек қауіпсіздігі бойынша қорытынды кеңес өтті. 2022 жылы жарақат деңгейі 16%-ға төмендеді.

Портфельдік компаниялардың бірінші басшылары еңбек қауіпсіздігінің ағымдағы деңгейі және жарақаттануды азайту жөніндегі шаралар туралы баяндады. Қор басшысы «Қазақтелекомның» осы бағыттағы жұмысының оң нәтижелерін атап өтті.

«Самұрық-Қазына» қоры еңбекті қорғау бойынша жұмысты қорытындылады

Кеңес шеңберінде Ұлыбританияның қауіпсіздік техникасы және денсаулық сақтау жөніндегі халықаралық институтының талаптарына сәйкестігіне лицензия алған «Қауіпсіз еңбек мәдениеті» курсы бойынша оқыту өткізілді.

«Самұрық-Қазына» қоры еңбекті қорғау бойынша жұмысты қорытындылады

2023 жылға өндірістік қауіпсіздікті басқару жүйесін үш бағытта жетілдіру бойынша мақсаттар қойылды: адамдар, жабдықтардың сенімділігі және төтенше жағдайлардың алдын алу.

«Самұрық-Қазына» қоры еңбекті қорғау бойынша жұмысты қорытындылады

«Біздің құндылығымыз - қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау. Компания басшыларынан осы құндылықтарға деген адалдығын жеке мысалмен көрсетулерін сұраймын. Біз қызметкерлердің отбасыларына, еңбек ұжымдарына және өзімізге жауаптымыз. Қор барлық компанияларда қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қатаң бақылайтын болады», - деді Қор басшысы.