«Самұрық-Қазына» 2022 жылы әлеуметтік жобалар бойынша атқарылған жұмысты қорытындылады
630
11 Қаңтар 2023
Бүгін Астанада «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының 2022 жылы атқарған қайырымдылық жұмысының қорытындысы бойынша есеп беру шарасы өтті. Қорытындылау көпшілікке ашық форматта алғаш рет өтті. Оған Қазақстанның қайырымдылықпен айналысатын ҮЕҰ, Қазақстан өңірлеріндегі көмек алған балалар мен ересектер, «Самұрық-Қазына» қоры тобының қызметкерлері мен компанияларының басшылары, БАҚ өкілдері және қоғам белсенділері қатысты.
Қайырымдылыққа бағытталған қаражат көлемі артады
2022 жылы «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы қайырымдылыққа жұмсалатын бюджетті 40%-ға, яғни 10 млрд теңгеге дейін арттырып, балалар мен Қазақстан аймақтарын қолдауға баса назар аударды. Бір жылда барлығы 43 әлеуметтік жоба жүзеге асырылып, 500 мыңға жуық қазақстандық көмек алды.
Есте қалған бастамалардың қатарында: өңірлердегі 80 000 азаматқа көмек көрсеткен медицина пойыздары; республикамыздың 15 қаласында тұратын ерекше балаларға бейімделген спортпен айналысуға мүмкіндік берген «Саламатты болашақ»; Шымкент, Қарағанды, Талдықорған, Ақтау, Өскемен, Орал қалаларындағы перзентханаларды нәресте реанимациясына арналған гипотермиялық құрылғылармен қамтамасыз ету.
Шарада сөз алған «Самұрық-Қазына» қорының басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов Қор қайырымдылыққа жұмсалатын қаржыны одан әрі арттыруды көздеп отырғанын мәлімдеді. Жақын арада «Самұрық-Қазына» қоры таза табысының 7 пайызын «Қазақстан халқына» әлеуметтік қорына аудара бастайды. Алдын ала болжам бойынша, бұл шамамен 130 миллиард теңгені құрайды. Осылайша, «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының қайырымдылыққа жұмсайтын шығыны 13 есеге артады.
Қайырымдылық үйымдарының жоспары көп
Есеп беру кездесуінің алдында панельдік сессия өтіп, онда Қазақстанның қайырымдылықпен айналысатын ірі ҮЕҰ өкілдері сөз сөйледі. Олар облыстық және республикалық деңгейде жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісіп, қайырымдылық саласындағы кейінгі жаңалықтарды талқылап, 2022 жылы атқарылған ең есте қалатын жобалар мен игі істерге қаржылай қолдау табу жолдары туралы талқылады.
Жиынға қатысушылар «Самұрық-Қазынаға» көрсеткен көмегі үшін алғысын білдіріп, болашаққа үлкен жоспары бар екенін хабарлады. Еншілес компаниялардың өкілдері алдағы уақытта да азаматтардың игілігі үшін бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.
Жиын соңында Қазақстан өңірлерінен және Астанадан 2022 жылы көмек алған 30-ға жуық балалар өнер көрсетті. Олардың арасында «Қамқорлық» мен «Замандас» бағдарламасына қатысушылар да бар. Балалар мен олардың ата-аналары бүгінгі кездесуге арнайы жазылған «Бес қадам» өлеңін оқып, қолдау көрсеткендері үшін ризашылығын білдірді:
Жүрегімде бір бозторғай сайрайды,
Сайрайды да аманатын байлайды.
Біздің ғұмыр ұқсамайды ешкімге,
Бізге артқа шегінуге болмайды.
Үмітімді сөндірсе де көлеңкем,
Жабығуға уақытым жоқ жан-еркем,
Күннің нұры әлдилейді көңілді,
Бозторғайым оятады таңертең.
Алақанын маңдайыма тоспаған,
Мен несіне тағдырымнан жасқанам.
Қолыстасып барайықшы екеуміз.
Армандарға адам аяқ баспаған.
Артта қалсын жолдар бізді тоспаған,
Артта қалсын қолдар бізді қыспаған.
Орындалды, бүгін міне қарашы,
Өмірімде арман болған бес қадам.
{{ $t('messages.news1') }}
SK Ondeu өз ғылыми жұмыстары негізінде әзірленген агрохимиялық препара...
{{ $t('messages.news1') }}
Италия мен қазақстандық компаниялардың өкілдері іскерлік серіктестікті...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Румынияда «ҚазМұнайГаз» және K...
{{ $t('messages.news1') }}
«Sheksiz Mumkyndikter» инклюзивті лагерінің екінші маусымы аяқталды