Үкімет «Самұрық-Қазына» АҚ-ның басым жобаларының екінші топтамасын мақұлдады

Үкімет «Самұрық-Қазына» АҚ-ның басым жобаларының екінші топтамасын мақұлдады

2313

21 Қараша 2022

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен Инвестициялық штаб отырысында Қор компаниялары тобының басым жобаларының екінші топтамасы қаралды. Кеңеске орталық мемлекеттік органдардың басшылары мен «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компаниялары қатысты.

Қор басшысы талқылау қорытындысы бойынша тізім 18 жобадан тұратынын хабарлады, ол 13 трлн теңгеден астам соманы құрайды. Бұл мұнай-газ, энергетика, теміржол және телекоммуникация саласындағы жобалар. ҚР Үкіметі тарапынан жәрдемдесуді талап ететін қойылымдық мәселелер айтылды.

Мемлекеттік органдармен бірлесіп, Жобаларды іске асыру жөніндегі жол картасын әзірлеп, одан әрі оны ҚР Премьер-Министрінде бекіту жоспарланып отыр.

«Әріптестер, бұл жобалар сіздерге таныс. Оларды бұрын пысықтаған болатынбыз. «Самұрық-Қазына» АҚ-ның басым жобаларының екінші топтамасы ретінде оларды ресімдеп, енгізу қажет. Бұдан әрі оларды іске асыру үшін жұмыс істейтін боламыз», - деп атап өтті Роман Скляр.

Анықтама үшін:

Қордың басым жобаларының екінші топтамасы

1

Полиэтилен өндіру жобасы

2

Қазақстан Республикасында бутадиен және оның туындыларын өндіру

3

«Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГҚ екінші желісін салу (1-кезең)

4

Қашаған шикі газды кәдеге жарату жобасын дамыту (2-кезең)

5

№3 ст. энергия блогын орната отырып, Екібастұз МАЭС-2 кеңейту және реконструкциялау

6

№4 ст. энергия блогын орната отырып, Екібастұз МАЭС-2 кеңейту

7

Таза көмір технологиясы негізінде №1 және №2 ст. энергия блоктарын орната отырып, Екібастұз МАЭС-3 салу

8

БГҚ-858 МВт салу

9

Қазақстанның энергожүйелерін біріктіру

10

Қуаты 2800 МВт дейінгі атом электр станциясын салу

11

ҚР-да 5G желісін салу

12

Каспий теңізінің түбімен магистральдың ТОБЖ төсеу

13

Қуаты жылына 800 мың тонна өндіретін күкірт қышқылы зауытын салу

14

Алматы станциясының теміржол торабын айналып өтетін айналма теміржол желісін салу

15

«Дарбаза-Мақтаарал» теміржол желісі салу

16

«Бақты-Аягөз» теміржол желісін салу (3-ші шекаралық өткізу бекеті)

17

ҚР Оңтүстік-Шығысында «Total Open» компаниясымен бірлесіп, энергия жинақтау жүйесі бар, қуаты 1 ГВт ЖЭС салу

18

«ACWA Power» компаниясымен бірлесіп, қуаты 1 ГВт жел электр станциясын салу