Қазақстан-Қытай бағытындағы теміржолды жаңғырту жобасы басталды

Қазақстан-Қытай бағытындағы теміржолды жаңғырту жобасы басталды

2111

17 Қараша 2022

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен ұзындығы 836 шақырым болатын «Достық-Мойынты» теміржол учаскесін жаңғырту жобасының салтанатты басталу рәсімі болып өтті. Іс-шараға «Самұрық-Қазына», «Қазақстан темір жолы» басшылығы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары және Балқаш қаласының әкімі қатысты.

2111.jpg

«Достық» станциясы Алматы облысында Қазақстан мен Қытай шекарасында орналасқан, ал «Мойынты» - Қарағанды облысында Астанадан Алматы мен Шымкентке дейінгі теміржолдағы станция.

«Достық-Мойынты» учаскесі бір жолды, 100% жүктелген және өткізу қабілеттілігі резервтері жоқ. Екінші жолдарды салу өткізу қабілетін 5 есеге арттыруға және контейнерлік пойыздардың жылдамдығын тәулігіне 834-тен 1500 шақырымға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

«Достық-Мойынты» учаскесі жаһандық ауқымда алғанда Еуропадан Қытайға тасымалдайтын транзиттік теміржол дәлізінің маңызды бөлігі болып табылады. 2016-2020 жылдары Қазақстан арқылы контейнерлік тасымалдау көлемі 5 есеге өсті. Дәлізді кеңейту қазақстандық өнімнің үздіксіз экспортын қамтамасыз етуге және елдің транзиттік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Анықтама үшін: Жобаның құны – 543 млрд теңге. Жұмыстың жоспарланған аяқталу мерзімі – 2025 жылдың соңы. Құрылыс барысында
3700-ден астам адам жұмылдырылады, желіні тапсырғаннан кейін
500 тұрақты жұмыс орны ашылады. Құрылыс кезінде қазақстандық өндіріс материалдары пайдаланылатын болады, отандық өндіріс тауарларының үлесі 85%-ды құрайды.