Қытай компаниясы Екібастұз МАЭС-2-ні кеңейтуге қатысады
713
26 Қыркүйек 2022
Бүгін «Самұрық-Қазына» қоры мен Қытай China Machinery Engineering Corporation (CMEC) басшылығы Екібастұз МАЭС-2 кеңейту және қайта жаңарту жобасын одан әрі іске асыру барысында Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандумға сәйкес Қор жоба туралы қажетті материалдарды ұсынуға міндеттенеді және инвестицияларды қайтаруға және жобаны қаржыландыруды ұйымдастыруға байланысты мәселелерді пысықтайды.
CMEC Group компаниясы өз тарапынан құжаттаманы талдауға және мерзімдерге, дайындау шарттарына, жабдықты жеткізуге және тұтастай жобаны іске асыруға байланысты шешімдерді әзірлеуге ниетті.
Бұдан бұрын CMEC Group компаниясының өкілдері «Самұрық-Энерго» құрылымына кіретін МАЭС-2-ге барып, 3-ші энергоблоктың құрылыс алаңын қарап, жоба туралы ұсынылған ақпаратпен танысты.
Анықтама:
China Machinery Engineering Corporation (CMEC Group) - China National Machinery Industry Corporation компаниялар тобына кіретін құрылыс және инжинирингтік компания. CMEC компаниясының мамандануы – генерациялау, беру және тарату саласындағы энергетикалық объектілерді салу.
1980-ші жылдары МАЭС-2 құру кезінде 8 энергия блогын салу көзделді. Олардың екеуі 1993 жылы іске қосылғаннан кейін станцияны одан әрі кеңейту тоқтатылды.
{{ $t('messages.news1') }}
Италия мен қазақстандық компаниялардың өкілдері іскерлік серіктестікті...
{{ $t('messages.news1') }}
«Sheksiz Mumkyndikter» инклюзивті лагерінің екінші маусымы аяқталды
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Румынияда «ҚазМұнайГаз» және K...
{{ $t('messages.news1') }}
Жаңа оқу жылында елорданың 10 мектебінде инклюзияны қолдау кабинеттері...