ҚР Президенті жанындағы реформалар жөніндегі Жоғары кеңес төрағасының орынбасарына «Самұрық-Қазынаны» реформалау жоспары ұсынылды
1181
02 Наурыз 2022
ҚР Президентінің кеңесшісі, реформалар жөніндегі Жоғары кеңес төрағасының орынбасары Сума Чакрабартиге «Самұрық-Қазынаны» реформалау жоспары ұсынылды. Реформалар жөніндегі жоғары кеңес Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша еліміздің тұрақты дамуын стратегиялық жоспарлау және экономикалық, әлеуметтік және саяси реформаларды тереңдету мақсатында құрылған болатын. Қордың халық шаруашылығы үшін түбегейлі маңыздылығы ескеріле отырып, оны реформалауды Жоғарғы кеңес бекітеді.
Қорды реформалау бағдарламасы стратегиялық және операциялық жоспарларды қамтыйды. Мәселен, сатып алу процесі ашық болып, нарыққа қатысушылардың мұнай, газ, көмір, электр энергиясын өңдеу мен өткізудегі кедергілері жойылады. Басқару қызметкерлерін екі есеге қысқарту жоспарлануда.
Қордың «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Эйр Астана» АҚ, «KEGOC» АҚ, «QazaqGaz» АҚ сияқты компаниялары IPO-ға шығарылады. Соның нәтижесінде «Самұрық-Қазына» Ұлттық қорға 500 млрд. теңге аудара алады.
Бағдарлама бойынша 8 миллиард АҚШ долларынан астам инвестиция тартып, жалпы құны 4 триллион теңгені құрайтын 24 жаңа өндірісті іске қосу арқылы, 5300 жаңа жұмыс орнын ашуды көздеп отыр.
Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңес төрағасының орынбасары Сума Чакрабарти реформалар бағдарламасын мақұлдап, 3 наурызда өтетін «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің отырысында оны қолдайтынына атап өтті.
{{ $t('messages.news1') }}
«Sheksiz Mumkyndikter» инклюзивті лагерінің екінші маусымы аяқталды
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Румынияда «ҚазМұнайГаз» және K...
{{ $t('messages.news1') }}
Жаңа оқу жылында елорданың 10 мектебінде инклюзияны қолдау кабинеттері...
{{ $t('messages.news1') }}
Маңғыстаулық жастар «Самұрық-Қазынаның» қолдауымен колледждерде білім ...