«Самұрық-Қазына» Моңғолияның ұлттық әл-ауқат қорымен активтерді басқару тәжірибесімен бөліседі
91
03 Қыркүйек 2026
«Самұрық-Қазына» қорында Моңғолияның Chinggis Khaan Sovereign Wealth Fund Holding LLC ұлттық әл-ауқат қорының өкілдеріне арналған екі күндік онлайн-воркшоп басталды.
Іс-шара - екі ел деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтардың тәжірибелік жалғасы. 2026 жылы 21 сәуірде Моңғолия Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Самұрық-Қазына» мен Chinggis Khaan Sovereign Wealth Fund (бұған дейін – Erdenes Mongol LLC) арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандумның негізгі міндеттерінің бірі – сараптамалық білім мен үздік тәжірибелермен алмасу, кадрлық әлеуетті дамыту және оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру.
2026 жылы 3–4 қыркүйекте «Самұрық-Қазына» АҚ моңғолиялық әріптестерге арналған екі күндік онлайн-воркшоп өткізеді.
«Самұрық-Қазына» мамандары Моңғолиядан келген әріптестерге корпоративтік басқару, адами ресурстарды басқару, инвестициялық жобалар, капитал нарықтары және жекешелендіру, сатып алулар, әлеуметтік инвестициялар мен сервистік процестер салаларындағы тәжірибесін ұсынады.
Атап айтқанда, қордың басқарушы директоры Салтанат Сәтжан Қазақстанның ең ірі ұлттық холдингі – «Самұрық-Қазына» АҚ жалпы сомасы шамамен 88 млрд АҚШ долларын құрайтын активтерді басқаратынын атап өтті.
«Қор жұмыс істеген жылдар ішінде активтерді басқару, корпоративтік басқару, инвестициялық қызмет, адами капиталды дамыту және басқа да бағыттар бойынша елеулі тәжірибе жинақтады. Біз бұл тәжірибемен Chinggis Khaan Sovereign Wealth Fund қорындағы әріптестерімізбен бөлісуге қуаныштымыз. Біз үшін білім алмасу тек теориялық емес, ең алдымен тәжірибелік сипатта болғаны маңызды. Сондықтан воркшоп аясында күнделікті жұмысымызда қолданылатын нақты тәсілдер мен құралдарды қарастырамыз», – деді ол.
Бағдарлама ұлттық әл-ауқат холдингі қызметінің негізгі бағыттарын қамтитын жеті тақырыптық модульден тұрады:
Сессиялар барысында «Самұрық-Қазына» мамандары топта қолданылатын тәжірибелік тәсілдер мен құралдарды таныстырып, сондай-ақ активтердің ірі әртараптандырылған портфелін басқару бойынша жинақталған тәжірибесімен бөлісті.
Корпоративтік басқару моделі мен портфельдік компаниялармен өзара іс-әрекетке, инвестициялық жобаларды бағалау және іске асыру тәсілдеріне, адами капиталды дамытуға, сатып алудың бірыңғай жүйесін ұйымдастыруға және операциялық тиімділікті арттыруға ерекше назар аударылады.
Капитал нарықтары мен жекешелендіруге арналған жеке модульде «Самұрық-Қазына» АҚ-ның мемлекеттік активтерді іске асыру және портфельдік компанияларды IPO және SPO арқылы капиталдың жария нарықтарына шығару тәжірибесі таныстырылды.
Сондай-ақ, қор әлеуметтік инвестициялар мен қайырымдылық, сервистік процестерді ұйымдастыру және топтағы қосалқы қызметтерді шоғырландыру салаларындағы тәжірибесімен бөліседі.
Екі ұлттық әл-ауқат қоры арасындағы тәжірибе алмасу – Қазақстан-Моңғолия серіктестігін нығайтудағы және ұлттық активтерді басқару, инвестициялар салаларындағы ынтымақтастық пен бірлескен жобаларды әрі қарай іске асырудың негізін қалыптастыратын маңызды қадам.
*
«Самұрық-Қазына» АҚ жалпы сомасы шамамен 88 млрд АҚШ долларын құрайтын активтерді басқарады, ал оның инвестициялық портфелінде жалпы құны шамамен 52 трлн теңге болатын 130-ға жуық жоба бар.
Chinggis Khaan Sovereign Wealth Fund Holding LLC (немесе Chinggis Khaan National Wealth Fund Corporation) – Моңғолияның ұлттық әл-ауқат қоры. Қор 2024 жылы сәуірде Erdenes Mongol мемлекеттік тау-кен холдингінің қамқорлығымен құрылды. 2026 жылы Моңғолия Үкіметі ауқымды реформа жүргізіп, елдің табиғи ресурстарын басқару мақсатында Erdenes Mongol активтері мен қор активтерін біртұтас корпорацияға толықтай біріктірді.
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Францияның Orano Group компаниясының басшылығымен кезде...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов KEGOC Директорлар кеңесінің отырысын өткізді
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Ақтөбе қаласындағы дене шынықт...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов «Қазхром» АҚ-ның (ERG құрамынд...