Алматыда «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Smithsonian Folklife Festival фестивалінің ұйымдастырушылары – Смитсон институтының халықаралық делегациясымен кездесті
1104
21 Тамыз 2026
Тараптар 2027 жылы Вашингтонда өтетін фестивальге дайындық барысын талқылады. Фестиваль қазақстандық мәдениетті әлемдік аудиторияға таныстыруға мүмкіндік беретін маңызды алаң болмақ.
Бұл – Смитсон институты өкілдерінің Қазақстанға екінші сапары. Тамызда америкалық кураторлар, зерттеушілер, сарапшылар мен музыканттар қазақстандық мамандар және орындаушылармен кездесіп, еліміздің дәстүрлі мәдениетімен танысып, оны халықаралық деңгейде таныстыру бағытында бірлесіп жұмыс істейді.
Сапар аясында бірлескен концерттік бағдарлама да әзірленіп жатыр. Нәтижесінде Алматы облысындағы «Ғұндар» этноауылында қазақстандық және америкалық музыканттардың қатысуымен ашық концерт өтеді.


{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» Қазақстанның екі өңірінде орманды қалпына келтіруге а...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазынаға» 20 жыл: үздік қызметкерлер марапатталды
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Қазақстан мен Бельгия арасындағы кеңейтілген ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» компаниялары жылыту маусымына дайындық бойынша есеп б...