Шу қаласындағы «Самұрық-Қазына» АҚ зауытында алғашқы жел генераторларын құрастыру басталды

Шу қаласындағы «Самұрық-Қазына» АҚ зауытында алғашқы жел генераторларын құрастыру басталды

89

17 Тамыз 2026

2025 жылы Мемлекет басшысының қатысуымен іске қосылған «Самұрық-Қазына» АҚ мен Sany Renewable Energy компаниясының Шу қаласындағы бірлескен зауытында жел энергетикасына арналған алғашқы жабдықтарды өндіру басталды. Бұл – Қазақстанда жаңартылатын энергетикаға арналған жабдықтардың жергілікті өндірісін дамыту мақсатында құрылған алғашқы зауыт.

Нысан «Jibek Joly» АЭА аумағында орналасқан және жел генераторларына арналған компоненттер өндірумен айналысады.

Жабдықтардың алғашқы партиясы 2026 жылы ақпанда Eni S.p.A. компаниясымен жасалған келісімшарт аясында жеткізіледі. Жабдықтар «ҚазМұнайГаз» АҚ мен Eni S.p.A. компаниясы бірлесіп іске асырып жатқан Жаңаөзен қаласындағы гибридті электр станциясы үшін дайындалды.

Image (2).jpeg

Келісімшартқа сәйкес, зауыт 2026 жылғы қараша айының ортасына дейін жалпы қуаты 77 МВт болатын 10 жел энергетикалық қондырғы жиынтығын өндіріп, жеткізеді. 2026 жылғы 10 тамыздағы жағдай бойынша зауыт алаңына жел генераторларының негізгі компоненттері – үш гондола мен үш күпшек жиынтығы жеткізілді. Тамыздың соңына дейін дайын жел энергетикалық қондырғыларын кейіннен құрастыруға қажетті тағы жеті компонент жиынтығын жеткізу жоспарланған.

Сонымен қатар, Қазақстанда жел энергетикасы саласындағы жобаларды іске асыруды жоспарлап отырған халықаралық компаниялардан жаңа тапсырыстар алу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Image (3).jpeg

Зауыттың өндірістік қуаты жылына 2 ГВт-қа дейін жетеді. Кәсіпорында жел генераторларына арналған гондолалар, күпшектер және басқа да негізгі компоненттер өндіріледі.

«Бұл жоба «Самұрық-Қазына» АҚ мен жел энергетикасына арналған жабдықтарды өндіру бойынша әлемдегі жетекші компаниялардың бірі – SANY Renewable Energy арасындағы серіктестіктің нәтижесі. Жоба аясында R&D орталығы бар жаңа жоғары технологиялық жел генераторларының өндірісі құрылуда. Бұл Қазақстанда жабдықтардың негізгі компоненттерін өндіруге ғана емес, сонымен қатар жел энергетикасының заманауи технологиялары саласындағы құзыреттерді дамытуға мүмкіндік береді», – деді «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.

Image (4).jpeg

Өндірістің іске қосылуы Жамбыл облысында 300 тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Салық түсімдері мен басқа да міндетті төлемдер жобаның маңызды экономикалық әсері болмақ.

Кәсіпорын жаңартылатын энергетикаға арналған жабдықтардың жергілікті өндірісін дамытуға, заманауи технологиялардың трансферіне және Қазақстанда жел энергетикасы жобаларын іске асыру үшін өз өндірістік базасын қалыптастыруға ықпал етеді.